Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысы паллиативтік көмек ауруханасы

Дата: 2016-10-28 09:23:00
Павлодар облысы паллиативтік көмек ауруханасы

IMG_3664

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы 28 қазанда Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов, әкімнің орынбасары М.М.Бегентаев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Қасымовтың қатысуларымен Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасына баруы өтті. «Павлодар облысы паллиативтік көмек ауруханасы» КМҚК Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 317/4 Қаулысымен құрылған.

Аурухана Павлодар облысында тұратын инкурабельді науқастарға 15 жыл бойы паллиативтік көмек көрсететін «Солярис» қоғамдық бірлестігінің базасында ұйымдастырылған болатын.

Паллиативтік медицина, синонимы – паллиативтік көмек, пациенттерге радикалды емдеу түрлерінің мүмкіндіктері сарқа пайдаланған жағдайларда көмек көрсететін денсаулық сақтау саласы.

Медициналық персонал тарапынан жағдайлары үздіксіз бақылауды талап ететін пациенттер үшін паллиативтік көмектәуліктік стационарда, дағдылы,көмекке зәру, бірақ үй жағдайында болуды қалайтын пациенттер үшін «үй жағдайындағы хосписта» көрсетіледі.

Хосписта жыл бойы 400-450 пациентке, хоспистың көшпелі қызметімен 150-200 пациентке көмек көрсетіледі.

2016 жылдың тамыз айында Павлодар облысы әкімінің қолдауымен Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастамасы бойынша Паллиативтік көмек ауруханасының төсек-орын қоры 30 төсек-орынға дейін көбейді.

Дәрігерлік мөлшерлемелер саны – 4 бірлік, орта медициналық қызметкерлер кұрамы-13,5 бірлік, кіші медициналық қызметкерлер кұрамы -9 бірлік құрайды..

Бөлінген үй-жайларының жалпы алаңы - 1146 шаршы метр құрайды.

Мемлекеттік тапсырыстың сомасы 68 824 000 теңгеге дейін көбейді.

Паллиативтік көмек ауруханасының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға 23 миллион 600 мың теңге (жиырма үш миллион алты жүз мың теңге)бөлінді.

Паллиативтік көмек ауруханасының стационарына ауыр науқастарға күтім жасауды жеңілдететін және олардыңаурухана ішінде барынша қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 30 жаңа көп қызметті төсек орын, төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыру үшін айналмалы үстелдері бар 30 фунционалдық тумбочка, науқастардың тері ойылуының дамуын алдын-алуға мүмкіндік беретін терінің ойылуына қарсы 30 матрас сатып алынды.

Палаталарды жабдықтаудың заманауи талаптарына сәйкес әр науқастың төсек орнына медициналық персоналды шақыру батырмасы қойылған. Тәулік стационардың жұмсақ құрал-сайманы толықтай жаңартылды.

Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен, Аурухана стационарына пациенттерге күтім көрсету бойынша заманауи құралддар, қатынасу үшін қосалқы құралдар сатып алынды,

Паллиативтік көмек ауруханасының медициналық жабдықталуын жақсарту мақсатында келесі медицина жабдығы сатылып алынды – электрокардиограф, электроотсасыватель, тыныс жолдарының санациясы үшін оттегі концентратор.

Облыстық мәслихат депутаттарының қайырымдылық көмекгінің есебінен Паллиативтік көмек ауруханасының балалар палатасы жабдықталды, төсек тартып жатқан науқастарды тасымалдау үшін пандустың құрылуы басталды.

Паллавтивтік көмек ауруханасының төсек–орын қорын көбеюі облыс тұрғындарының заманауи талаптарға сай келетін сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады, сонымен бірге аудандағы паллативтік бағытындағы төсек-орындарына қажеттіліктің нормативтерін сәйкестендіруге мұмкіндік береді.

Автор: Басқарма