Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында қайырымдылық шаралары жүргізілді.
Павлодар облысының медициналық ұйымдарымен жалпы 300,0 мың теңге сомасында Облыстың Қоғамдық қайырымдылық қорына ақшалай қарпажат аударылды.
Облыстың медициналық ұйымдарындағы аз қамтылған 30-дан астам қызметкеріне жалпы 550,0 мың текге сомасында материалдық көмек көрсетілді.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы 52 ардагергеде, сондай-ақ жалпы 260,0 мың теңге сомасында азық-түлік себет түріндегі материалдық көмек берілді.
«Жас ұрпақ» үйінің тәрбиеленушілеріне жалпы 100,0 мың теңге сомасында киім сатып алынды.
Облыстық кардиологиялық орталықтың ардагерлер кеңесіне орталық әкімшілігімен ұйымдастыру техникасы сатып алынды.
Сонымен қатар, облыстың барлық медициналық ұйымдарында, ерекшелігімен көзге түскен ұйым қызметкерлерін және денсаулық сақтау ардагерлерін марапаттаумен, салтанатты шара өтілді.
Мерекелік концерттер ұйымдастырылды.