Бақылау қорытындылары
"Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы" ММ Ішкі бақылау бөлімімен 2009 жылға іс-шаралар жоспарына сәйкес Пресное ауылының дәрігерлік амбулаториясында жоспарлы тексеріс өтті.
Тексеріс барысында анықталған қаржы бұзушылық бюджет кірісіне өтелді.
Тексеру нәтижесінде бухгалтерлік есептілік нормативтік талаптарға сай келтірілді.
Материалдық жауаптылық туралы шарт жасалды.
Юстиция органдарына ғимаратты дәрігерлік амбулаторияға тіркеу заңдық құжаттар жіберілді.