2010 жылғы 16 сәуірде Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында жұмыс істеу нәтижелеру туралы брифинг өтті.

Брифингті №1 қалаық аурухананың бас дәрігері А.К. Нуркина ашты. Қазіргі уақытта МҚКК №1 қалалық ауруханада 560 төсек орны ашылған. Аурухананың базасында 13 клиниқалық, 3 диагностикалық және 5 көмекші бөлімшелер топтастырылған.
Бөлімшенің облыстық мәні :тамырлық неврология, нефрология, тамырлық хирургия, жақ-бет хирургиясы ,күйік, нейрохирургия, «Жасанды бүйрек» бөлімшесі және «УРАТ».
Ауруханада мынадай дәрігерлік қызметтер көрсетіледі терапиялық, ревматологиялық, пульминологиялық, гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, неврологиялық, нефрологиялық, тамырлық хирургиялық, жалпы хирургиялық, гинекологиялық, жүкті әйелдердің қалыптан ауытқушылығына, тамырлық неврологиялық күйік аурулар б-ша, іріндік хирургиялық проктологиясы, онкологиялық, эндовидеогинекологиялық, эндовидеохирургиялық, эндовидеоурологиялық, эндовидеонейрохирургиялық, жарақаттық,жақ-бет хирургиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, реанимациялық, офтальмотологиялық, оталарингологиялық, стоматологиялық, физиотерапиялық баротерапиялық, гемодиализиялық, рентгенологиялықлабораториялық диагностикалық, функционалды диагностикалық.
БҰДСЖ енгізуіне байланысты Павлодар облысының ауылдары мен қалаларынаң жоспарлы пациенттерді ауруханаға жатқызу саны өсті. 2010 жылғы бірінші тоқсанда ауылдық пациенттер - 397, Екібастұз қаласы - 8, Ақсу қаласы - 24.
1-тоқсан жұмыс нәтижесі бойынша №1 қалалық ауруханада 4026 науқас емделді.
№1 емхана бас дәрігерінің орынбасары Г.М. Қайырбаева 2010 жылы емханада күндізгі стационар кереуеттер саны 30 дан 58-ге дейін көбейгені туралы айтты.
2010 жылғы 1 тоқсанда №1 емхананың күндізгі стационарында 590 науқас емделді.