Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

2010 жылғы 4 мамырда Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының конференц-залында облыс әкімдігінің қатысуымен "Диалогтық алаң" өткізілді.

Дата: 2010-05-06 18:00:00

2010 жылғы 4 мамырда Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының конференц-залында облыс әкімдігінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру туралы "Диалогтық алаң" өткізілді. 

Диалогтық алаң өткізу - атқарушы өкімет және БАҚ арасында диалог пен ынтымақтастықты  белсендіру.  Бұл шараның мақсаты - "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі" концепциясын түсіндіру.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.М. Күзеков өз баяндамасында 2010 жылғы 1-тоқсан қорытындылары бойынша Павлодар облысында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу мәселесі туралы тоқталды.

Диалогтық алаңда қаражатты бөлі, кереуеттік қорды қайта ұйымдастыру туралы ақпарат айтылды. БҰДСЖ принциптарына үлкен назар бөлінді:

  • Емделушінің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауы
  • Медициналық қызмет көрсетудің бәсекелік ортасын қалыптастыру
  • Көрсетілетін медициналық қызметтердің анықтығы (нақты шығындар бойынша төлеу)
  • Соңғы нәтижеге бейімделу 
Автор: Басқарма