Пирогов орденімен марапаттау туралы

«Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана» КМҚК бас дәрігері Серім Уахапұлы Сыздықов отандық медицина мен денсаулық сақтау ісін дамытуға және нығайтуға қосқан қомақты жеке үлесі үшін 2010 жылғы 4 маусымда көрнекті дәрігер және қоғам қайраткері Николай Иванович Пирогов орденімен марапатталғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Орденді салтанатты түрде табыстау Облыстық ауруханада өтті. Пирогов орденін ұшқыш-сынақшы, ғарышкер Игорь Петрович Волк табыс етті.
И.П. Волк Пирогов орденін табыстап, қазақстандық дәрігерлердің кәсіби біліктілігіне жоғары баға берді, жоғары награданы табыстау - бұл тек жақсылықтың белгісі ғана емес, сондай-ақ үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл – облыс тұрғындарын сауықтыруға қосқан үлеске берілген жоғары баға.
Тұрғындар денсаулығы үшін белсенді жұмыс істей отыра, денсаулық сақтаудың ең үздік, қауіпсіз, ең жоғары технологияларын әзірлей және енгізе отырып, денсаулық сақтау саласының әлеуметтік маңыздылығының мәртебесі бұдан былай да жоғары болып қала бермек, - деп атап көрсетті С.У. Сыздықов.