Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар қаласында өткізілген «Бірлігіміз жарасқан» атты ел патриоттарының ІІІ республикалық форумы

Дата: 2010-06-06 18:00:00

2010 жылғы 3-4 маусымда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы
«Бірлігіміз жарасқан» атты ел патриоттарының ІІІ республикалық форумына қатысты. 

Республика патриоттарының «Бірлігіміз жарасқан» ІІІ форумының шеңберінде Павлодар қаласында «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Әнұран!» тақырыбында жастар шеруі өтті. Студенттер мен оқушылар шеруді Орталық жағалаудан Даңқ ескерткішіне дейін жалғастырды, митинг өткізіліп, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Бұдан әрі «Бірлігіміз жарасқан» форумы «Астана» мұз Сарайында өз жалғасын тапты.

Отан үшін батырлық танытқан, еліміздің дамуына маңызды үлес қосқан азаматтарды құрметтеу форум патриоттарының басты идеясы болып табылады. Форум ұйымдастырушысы - Қазақстан азаматтарының Альянсы. 

Медицина қауымынан денсаулық сақтау ардагерлері Мұса Макарұлы Тентекбаев және Табылды Мұқанұлы Асылханов, Денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.Күзеков және Павлодар облысы емдеу-алдын алу мекелерінің ондаған медицина қызметкерлері форумға қатысты.

Автор: Басқарма