Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Медицина қызметкерлері күнін тойлау туралы

Дата: 2010-06-19 18:00:00

«Мен қай үйге кірмесем де, мен сол үйге алдын ала әділетсіз, жаман әрі

зиянды ойлардан аулақ бола тұра, аурудың пайдасы үшін кіремін...»

Гиппократ

 

Медицина ертеден пайда болып, дами бастады. Бұған таңданатыны жоқ, өйткені дүниеде денсаулықтан қымбат, құнды ештеңе жоқ қой! Бұл – біздің басты бақытымыз және байлығымыз. Әрбір адам жынысы мен жасына қарамастан, қозғалысқа толы, белсенді түрде ұзақ өмір сүргісі келеді!

Медицина қызметкерлері күні немесе Медицина күні Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Әлемде дәрігерден асқан құрметті де жауапты мамандық жоқ.

2010 жылғы 18 маусымда Естай атындағы мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күнін салтанатты мерекелеуі өткізілді. Шақырылғандардың тізімінде Павлодар облысының әкімі - Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары – Әлия Қайратқызы Ғалымова, облыс әкімінің аппарат басшысы – Мұрат Мағауияұлы Оспанов, облыстық мәслихаттың хатшысы – Ринат Мифтахович Гафуров, Павлодар қаласының әкімі – Бақытжан Төлеужанұлы Жоламанов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары – Айым Мүкәрамқызы Қанафина, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппарат басшылары, Павлодар облысының басқармалары мен аумақтық департаменттерінің басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, теледидар, радио және өңірлік БАҚ өкілдері мен денсаулық сақтау ісінің ардагерлері бар.

Іс-шаралар бағдарламасында медицина қызметкерлерін құрмет награда-ларымен марапаттау жоспарланған, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттауға – 6 адам, облыс әкімінің Алғыс хатымен – 6 адам, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен – 2 адам, облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапаттауға 3 адам ұсынылды.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» омырау белгісімен – 7 адам, Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен – 2 адам, Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен – 4 адам, қала әкімінің Құрмет грамотасымен – 5 адам, қала әкімінің Алғыс хатымен – 3 адам, қалалық мәлихаттың Құрмет грамотасымен – 2 адам, қалалық мәслихаттың Алғыс хатымен – 1 адам марапатталды.

Ауылдың Үздік медициналық ұйымы «Лебяжі орталық аудандық аурухана» деп КМҚК, облыстың үздік медициналық ұйымы деп «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облысының ауруханасы» КМҚК атанды. Жылдың үздік дәрігері «№ 1 қалалық аурухана» КМҚК Жасанды бүйрек бөлімшесінің меңгерушісі Амангелді Бадиұлы Қасенов атанды.

Дәл осы күні денсаулық сақтау қызметкерлері өздерінің қажеттілігі мен маңыздылығын ерекше сезінеді, өз мамандықтарымен, қол жеткізген табыстарымен және жетістіктерімен мақтана алады. Ал біз оларды мақтан тұтамыз! 

Автор: Басқарма