Қазақстан Республикасы Президентінің сапары
2010 жылғы 24-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екі күндік сапармен Павлодарға келді. Бірінші күні Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегінің іске қосылу рәсіміне қатысты. Екінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәрігерлер мен мұғалімдерге және полиция өкілдеріне көліктердің кілттерін тапсырды. 77 автокөліктің 57-сі облыстағы ішкі істер органдарына, 10-ы облыс орталығы мен Екібастұз, Ақсу қалаларындағы жедел медициналық жәрдем көрсету стансаларына, ал, қалған 10-ы облыстың жетім балаларға арналған мектеп-интернат мекемелеріне, оның ішінде құлақтары естімейтін және нашар еститін балаларға арналған №1 арнайы коррекциялық мектепке, облыстық арнайы мектеп-интернатқа, облыс орталығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған №2 мектеп-интернатқа, Павлодар ауданы Мичурин ауылы отбасылық үлгідегі балалар үйіне, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатына, Екібастұз қаласындағы “Үміт” балалар үйіне және Ақсу қаласы мен Қашыр ауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу түріндегі кешенді балалар үйлеріне берілді.