Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

2011 жылғы қаңтардағы Павлодар облысы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы ақпарат

Дата: 2011-01-30 03:58:48

 

2011 жылғы қаңтардағы Павлодар облысы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы ақпарат

 

 Облыс тұрғындарына медициналық көмек 65 емдеу-алдын алу ұйымында, соның ішінде 12 амбулаторлы-емханалық және 41 аурухана ұйымдарында көрсетіледі.

Ауылда 9 орталық аудандық аурухана және құрамында 5 ауылдық аурухана, 80 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік пункт және 231 медициналық пункт бар, Павлодар аудананың емханасы жұмыс істейді.

2011 жылы 01 қаңтарда мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2438 дәрігер және 5777 орта медициналық қызметкер қызмет етеді.
Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста меншіктің жеке нысанандағы 128 субьекті, соның ішінде 97 заңды тұлға және 31 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Оларда 489 дәрігер және 920 орта медициналық қызметкер қызмет етеді.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «100 мектеп – 100 аурухана құрылысы» жобасына сәйкес пайдалануға 2009 жылы желтоқсанда берілген, 30 төсек орынға арналған орталық аудандық аурухананың және Железин аудананың Железин ауылындағы 100 келушіні қабылдауға арналған емхананың, ауысымына 500 келушіні қабылдауға арналған Павлодар, Ақсу қалалары емханаларының құрылысы аяқталды.
2010 жылы қарашада құрамына облыстық туберкулезге қарсы диспансер енген, Павлодар қаласында 2010 төсек орынға арналған туберкулезге қарсы диспансер және ауысымына 100 келушіні қабылдауға арналған емхана пайдалануға берілді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта жедел жоспарына сәйкес 2009 жылы желтоқсанда Май ауданының Көктөбе ауылында ауысымына 100 келушіні қабылдауға арналған емханамен 75 төсек орынға арналған орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталды.
Екінші кезектегі Май және Железин ауруханаларының: Май ауданы Көктөбе және Железин аудананың Железин ауылдарындағы 100 келушіге арналған емханалардың құрылысына қарастырылған ақшалай қаражат Баянауыл ауылында 150 келушіге арналған емхананың және Павлодар қаласының ауылдық аймақтарындағы Кенжекөл ауылының, Ленин кентінің және Качиры ауданының Песчаное ауылының дәрігерлік амбулаторияларына қайта бөлінді. Құрылыс мерзімі 2010-2011 жылдары.
Баянауыл ауылында 150 келушіге арналған аудандық емхананың және Павлодар қаласының ауылдық аймақтарындағы Кенжекөл ауылының, Ленин кентінің және Качиры ауданы Песчаное ауылындағы дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін 2010 жылы 17 млрд. 343 млн. 763 мың теңге бөлінді, 2009 жылмен салыстырғанда 24,1 %-ға өсті.
Бір тұрғынға шығындар 2009 жылмен салыстырғанда 21089-дан 25278-ге дейін өсті, 2008 жылы 17796 теңге болды.
2010 жылы 3392,8 млн. теңге жалпы сомасында денсаулық сақтаудың 32 объектісіне, соның ішінде «Жол картасы» шеңберінде 16 объектіге күрделі жөндеу жасалды.
Емдеу-алдын алу ұйымдарын медициналық жабдықтармен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасуда, 2010 жылы 678,0 млн. теңге сомасында жабдықтың 423 бірлігі сатып алынды.
Пациентпен медициналық ұйымды еркін таңдауға, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті қаржыландыруды жақсартуға мүмкіндік берген Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 17 шілдедегі «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтаудың телемедицинаны дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» № 367 бұйрығын орындау мақсатында 6 орталық аудандық ауруханада (Баянаул, Ертіс, Железин, Лебяжі, Май және Щербақты ОАА) қазіргі заманғы телемедицина кешендері орнатылды. 2010 жылы орталық аудандық ауруханалармен телемедицина байланысының 266 сеансы, соның ішінде 94 телемедицина консультациясы және бейне мәжіліс байланысының 172 сеансы өткізілді.

Автор: Басқарма