Медицина қызметкерлерінің форумы
235 медициналық қызметкері Павлодар қалалық №1 ауруханада облыстағы медицина қызметкерлерінің форумы қатысты. Ағымды жылдың 27-інші қаңтарында «Болашақты бірге құрайық» денсаулық сақтау саласына байланысты Елбасының Қазақстан халқына Жодауында басты назар медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыруға, бастапқы медико-санитарлық көмекті және алдын-алу жұмысын жетірдіруге, ауруларды ерте сатыда анықтауға, БҰДСЖ әрі қарай енгізуге бағытталды.
Оған 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру себепші болады.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру үшін 2011 жылы үлкен жұмыстардың атқарылуы күтілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы «Ел басының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары туралы» №4 отырысының хаттамасына сәйкес Денсаулық сақтау Министріне төмендегі тапсырмалар берілді. Олар:
бір айлық мерзімде мақсатты топтар арасында скринингтік зерттеулерді өткізу жоспары бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізу;
бір айлық мерзімде көліктік медицинаны дамыту, оның ішінде 50 автоклиника, 16 санитарлық авиация тікұшақтарын және трасстық медико-құтқару пункттерін құру бойынша нақты ұсыныстар енгізу;
Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдерімен бірлесіп, аймақта 350 алғашқы денсаулық сақтау ұйымдарын салу қажеттілігін талдап, бір айлық мерзімде объектілерді 2015 жылға дейін салу кестесі жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізу.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсанда №2136 қаулысымен бекітілген тегін медицналық көмектің кепілді көлемінің Тізбесіне өзгертулер енгізілді.
Тізбе келесі медициналық көмек түрлерімен толықтырылды. Олар:
Позиторлы-эмиссионды компьютерлік томография;
Денеден тыс ұрықтандыру;
Жақ сүйек аймағының патологиясымен туған балаларға жақ сүйек аномалияларды алып тастау үшін арналған аппаратты қолдана отырып ортодонтикалық көмек көрсету (ортодонтикалық пластинка);
қан аурулары, қатерлі ісік аурулары бар, гемодиализде жүрген, анамнезінде операция, қан және оның құрамының құйылуы болған, және де В және С вирусты гепатитімен инфекциялану жоғары тәуекелдігі бар медициналық қызметкерлерді, ересек және балаларда В және С вирусты гепатитін диагностикалау үшін скринингтік зерттеулер өткізу;
әлеуметтік-психологиялық кеңес беру.
Республикада репродуктивті денсаулықты қолдау үшін ЭКО-ның 350 ем шараларын өткізу үшін қаржыландыру ашылды. Облысқа 2010 жылы бөлінген 5 квотаның орнына 18 квота бөлінді.
БМСК объектілерінің материалды-техникалық базасын нығайту бойынша облыс әкімгідімен 2015 жылға дейін 63 объекті, оның ішінде 2 емхана, 14 ДА, 3 ФАП және 44 МП салу тізімі келісілді.
2011 жылы денсаулық сақтау саласына 14276,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
облыстық бюджет қаражаты есебінен 11 090,8 млн. теңге;
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 221,1 млн. теңге.
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 2011 жылға жалпы сомасы 3 221,1 млн. теңге мақсатты ағымды трансферттер бөлінді.
2010 жылы мақсатты ағымды трансферттерге 2 222,4 млн. теңге бөлінді, 2011 жылы бұл көрсеткіш 43,5%-ға өсті.
2011 жылы трансферттердің жаңа түрлеріне қосымша 839,167 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
АИВ жағдайларын эпидемиологиялық қадағалауын жүргізу үшін;
есірткілік тәуелділігі бар тұрғаларға орынбасушылық терапия өткізу үшін;
артериалді гипертензиясы, жүректің сазып ауыруы, қант диабеті бар ересек тұрғындарды тексерістен өткізу үшін;
«В» және «С» гепатитін анықтау үшін ересек тұрғындар мақсатты тобының скринингін өткізу үшін;
БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу үшін;
БМСК шығындарын теңестіру үшін;
Медициналық қызмет көрсетілген кезде денсаулық сақтау ұйымдары жүктемелерінің ерекшеліктерін ескеретін тарифке қосымша компоненттерді қосу үшін;
Жоғары еріннің туа біткен тесігі бар диспансерлік есепте тұрған 5 жасқа дейінгі балаларға амбулаторлық деңгейде ортодонтикалық көмек көрсету үшін;
«Республикалық бюджет қаражаттары есебінен стационарлық көмек көрсету» 036 бағдарламасынан накологиялық диспансерлер мен хоспистерді қаржыландыру бойынша мақсатты ағымды трансферттерге сомасы 291,247 млн. теңге бюджеттік қаражат берілді. (Тәуелді аурулардың алдын алу және оларды емдеу бойынша Павлодар облыстық орталығына – 242,889 млн. теңге, Екібастұз қаласының наркологиялық диспансеріне – 30,274 млн. теңге, «Солярис» ООО – 18,084 млн. теңге).
2011 жылы дәрі-дәрмектік қамсыздандыру бойынша аурулардың жаңа түрлеріне қосымша қаражат бөлу қарастырылды. Оның ішінде:
АИВ- жұқпасы бар тұлғаларға арналған антиретровирусты препараттарды сатып алу үшін 85, 261 млн. теңге;
Амбулаторлық препараттарды сатып алу үшін 82, 687 млн. теңге (миастения, бүйректік анемия, муковисцидоз аурулары бойынша) бөлінді.
БҰДСЖ-ның екінші сатысына өткен кезде еңбекті төлеудің дифференциялық жүйесін енгізу жұмысы жетілдіріле түседі. БҰДСЖ аясында ол 2010 жылы басталды және де ағымды жылы БМСК ұйымдарына енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы №21 бұйрығымен БМСК ұйымдары қол жеткізген жұмыс нәтижелерін бағалау индикаторы бекітілді. Белгілі жетістіктер үшін ынталандыру сипатындағы төлемдер жүргізіледі.
Денсаулық сақтау басқармасына, облыс емдеу алдын-алу ұйымдарының басшыларына 2011 жылы
Алдын–алу жұмысының сапасын жақсартуға және сәтті емдеу кепілі бола алатын ауруларды ерте анықтауға бағытталған күштерді топтау қажет;
Салауатты өмір салтын және барлық мүдделі жақтарды сектор аралық өзара әрекеттестіру негізінде өз денсаулығы үшін адамның ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды белсенді насихаттау бойынша жұмысын күшейту қажет;
Ақсу қаласында, Ақтоғай, Май және Успенка аудандарында жастарға арналған 4 денсаулық орталықтарын және СӨС қалыптастыру облыстық орталығының құрылымдық бөлімшелерін құру қажет;
Денсаулық сақтау саласы бойынша мақсатты индикаторларға жетуді қамтамасыз ету қажет.