«Павлодар медициналық колледжі» КМҚК-да өткізілген тексеріс нәтижесі туралы ақпарат
«Павлодар медициналық колледжі» КМҚК-да өткізілген тексеріс нәтижесі туралы ақпарат
2011 жылға арналған тексеріс іс-шараларының жоспарына сәйкес «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ішкі бақылау бөлімімен Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің басқармасында 2011 жылы 10 қаңтарда № 115500142/00015 тіркелген бұйрығына сәйкес «Павлодар медициналық колледжі» КМҚК-да жоспарлы-тақырыптық тексеріс жүргізілді.
Тексеріс кезінде 2011 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде оқушылардың жол жүруіне өтемақы төлеу бойынша берешектер 887,4 мың теңге сомасында есептелгені анықталды. Берешек бюджеттен бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен пайда болды.
Сонымен қатар, кәсіпорында жалақы, салықтар бойынша шығындарды өтеу үшін ақшалай қаражаттың тапшылығы байқалуда. Бюджеттік қаржыландырудың жетіспеушілік фактісі мұғалімдерге жалақыны көтеру, бюджеттік топтарға оқушыларды қабылдау санының өсуі салдарынан пайда болды.
Колледждегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін кәсіпорынға жеткізілген, 7638,0 мың теңге сомасында қосымша ақшалай қаражат бөлінді.
Тексеріс кезінде штаттық санын қалыптастыру негізінде 2 бірлік санында мөлшерлеме артық екені анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша колледждің штаттық кестесі қарастырылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Білім беру мемлекеттік ұйымдарындағы қызметкерлердің үлгі штаттарын және педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық тізбесін бекіту туралы» № 77 қаулысының нормативтік нормаларына сәйкес келтірілді.
Бұзушылық жіберген бас бухгалтер мен экономист 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 4-К бұйрыққа сәйкес сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды.