Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК-да өткізілген тексеріс нәтижесі туралы ақпарат

Дата: 2011-04-29 08:10:12

«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК-да өткізілген тексеріс нәтижесі туралы ақпарат

         2010 жылғы 15 желтоқсандағы «Қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы» № 1-05/364 жазбаша өтінішіне сәйкес «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ішкі бақылау бөлімімен Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің басқармасында 2011 жылы 14 ақпанда № 115522142/00241 тіркелген бұйрығына сәйкес «Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК-да тақырыптық тексеріс жүргізілді.

         Жоспарлы ақшалай қаражеттің тапшылығы студенттерді қабылдау қатынастарының өзгеру нәтижесінде пайда болды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша топтарды қабылдау өсуде және оқу құнының толық өтемақысымен топтарды қабылдау азаюда. Сонымен қатар, бюджеттік тапсырыстарды қалыптастыру жеткізілген лимиттер есебімен өткен кезең негізінде нормативтерге сәйкес жүргізілді.

         Қаржылық жағдайды тұрақтандыру және оқуды одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 6000,0 мың теңге сомасында қосымша қаражат бөлінді. Колледждің штаттық кестесі қарастырылып, Қазақстан Респебликасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Білім беру мемлекеттік ұйымдарындағы қызметкерлердің үлгі штаттарын және педагогикалық қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық тізбесін бекіту туралы» № 77 қаулысының нормативтік нормаларына сәйкес келтірілді.  

Автор: Басқарма