Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Лебяжі ауданының Ямышев ауылына «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚК жылжымалы мобилді медициналық кешенінің шығуы

Дата: 2011-04-29 12:41:00

Лебяжі ауданының Ямышев ауылына «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚК жылжымалы мобилді медициналық кешенінің шығуы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,  облыстың шалғайдағы елді мекендер үшін мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық орталығы» КМҚК шұғыл және жоспарлы консультативті көмек бөлімшесі үшін кез келген уақытта барлық клиникалық аймақтарда автономды жағдайда жұмыс істеуге арналған «КАМАЗ» жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік базасында мобильді медициналық кешен сатып алынды.

Жылжымалы емхана 8 бөлімге бөлінеді: хирургтың (офтальмолог, ларинголог) кабинеті,  репродуктивті денсаулық (акушер- гинеколог, уролог) кабинеті,  жалпы қабылдау (терапевт, педиатр) кабинеті, жылжымалы рентгенологиялық қондырғымен және жүйелі сандық рентгенографиямен рентгенолог кабинеті, қазіргі заманғы аппаратурамен (гематологиялық анализатор, биохимиялық анализатор, глюкометр, нәжіс анализаторы, қан парамертлерінің экспресс анализаторы) зертхана, стоматологиялық қондырғымен стоматолог кабинеті, дәріханалық киоск. Кешен УДЗ, ЭКГ портативті аппаратымен, байланыссыз көз   тонометрымен, жаңа туған нәрестелер мен ересектерге арналған электронды таразы, шұғыл медициналық көмек төсеуімен жабдықталған. Павлодар облысының шалғайдағы елді мекендеріне кешеннің шығу кестесі жасалды, шығу кестесі аудандардың денсаулық сақтау басшыларымен келісілді. Шығу бригадасының құрамына облыстық аурухананың және қаланың басқа да медициналық ұйымдарының аса білікті мамандары шығады.

Көлікті медицинаның дамуы, тікұшақ санитарлы авиацияны, трассалық медициналық құтқарушы пунктерді енгізу облыстың барлық тұрғындарына білікті медициналық көмекті уақытында көрсетуге мүмкіндік береді.  

2011 жылы 3 мамыр сағат 11.00-де «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚК жылжымалы мобилді медициналық кешенінің дәрігерлері Лебяжі ауданының Ямышев ауылының тұрғындарына жоспарлы консультатитвті медициналық көмек көрсететін болады.

Автор: Басқарма