Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Дата: 2011-06-24 03:32:07
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Медициналық қызметкерлер күні кәсіби мереке қарсаңында облыс денсаулық сақтау басқармасында 2011 жылы 10 маусымда «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік дәрігер», «Үздік ауылдық дәрігер», «Үздің мейірбике» төрт номинация бойынша «Мамандығы бойынша үздік» конкурстары өткізілді және 15-16 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде осы номинациялар бойынша республикалық конкурстар өтті.
Конкурстық комиссиямен облыстық конкурстың жеңімпаздары анықталды.

«2011 жылы - Үздік денсаулық сақтау менеджері» атағы №1 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары –
А.Ж. Бекбосыновқа берілді.
«2011 жылы - Үздік дәрігер» атағы № 1 қалалық аурухананың реаниматолог – анестезиологы Б.Б. Бабашев лайық деп танылды. Б.Б. Бабашев республикалық конкурста «ҚР Үздік дәрігері» конкурсында 3 орынды алды.
«2011 жылы - Үздік ауылдық дәрігер» атағы Успен орталық аудандық ауруханасының невропатолог дәрігері Л.М. Смердоваға берілді. Республикалық конкурста Л.В. Смердова ҚР Денсаулық сақтау Министрінің алғыс хатымен марапатталды.
«2011 жылы - Үздік мейірбике» атағын № 1 қалалық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің мейірбикесі Л.А. Цилько иеленді. Республикалық конкурста Л.А. Цилько ҚР Денсаулық сақтау Министрінің құрмет грамотасымен марапатталды.  
 Облыс Денсаулық сақтау басқармасының бастығы А. Күзековтің құттықтауы

 
 

Автор: Басқарма