Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

«Болашақ» ДЖО ашылуы!

Дата: 2011-06-27 08:21:12
  «Болашақ» ДЖО ашылуы!

2011 жылы 22 маусымда 15.00 сағатта Павлодар аудандық емханада «Болашақ» денсаулық жастар орталығы салтанатты түрде ашылды. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.М. Күзеков, мектеп директорлары, психологтар, Павлодар ауданы «Нұр Отан» партиясының жастар қанатының хатшысы С. Жартыбаев және басқалары орталықтың ашылуына қатысты. 
Осындай орталықтар ашу “Саламаты Қазақстан” денсаулық сақтау ісін дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Екінші орталық салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығында 2011 жылы ашылатын болады. Кейінгі жылдары Орталықтар облыс басқа амбулаторлы-емханалық ұйымдар ашылатын болады. 
 Орталықтар қызметінің мақсаты олардың «науқас емес», «әлі сау» кездерінде жасөспірімдермен жұмыс және ынтымақтастық болып табылады. 
 Орталықтың идеялары тым қарапайым және жан-жақты – жасөспірімдер мен жастардың психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеріп, жақсылық ойлау және құпия қағидаттарында тегін медициналық және психологиялық көмек көрсетеді.
  Орталық психолог, терапевт, акушер – гинеколог, дерматовенеролог, уролог дәрігерлер жұмыс істейді. Құпия қабылдау, пациенттің тілегі бойынша қабылдауға жағдай жасалған. «Болашақ» денсаулық жастар орталығы дүйсенбіден бастап жұма аралығында 9.00-ден бастап 17.00 дейін жұмыс істейді, тел: 51-80-98, сондай-ақ орталық қызметкерлері жергілікті орындарда мобильді көмек көрсету үшін аудандарға шығатын болады. 
 
  Жастарды біздің Орталыққа шақырамыз!

 

Автор: Басқарма