Денсаулық фестивалі
Дата: 2016-06-20 06:05:10
Ағымды жылдың 6 маусымынан 11 маусымына дейін «Біз салауатты өмір салтын сүру үшін!» ұраны бойынша кең масштабты «Денсаулық фестивалі» республикалық акциясы басталды. Оның шеңберінде денсаулық сақтау, білім, дене шыңықтыру, мемлекеттік органдар мен басқа мүдделі қызметтердің өкілдерін тартып шаралар өтті. Аудан дене шыңықтыру және спорт бөлімінің басшысы С. Баймаганбетовтің айтуы бойынша еліміздің көпдеген ірі қалаларында тәңғртенгі өндірістік жаттығулар өтті. Медициналық мекемелерде соның ішінде Железин ОАА келушілер үшін Ашық есік күндері ұйымдастырылды. 7 маусым күні әрбір қалаған адам ОАА тегін тексеріс өте алды: антропометрия, қан қысымын, холестерин, қанда глюкоза деңгейлерін аңықтау, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының тәуекел факторларын білу, дененің артық массасын өлшеу.
Біздің корреспондент