контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Жедел медициналық жәрдемді шақыру ережелері.

Дата: 2016-10-10 03:13:14

Жедел медициналық көмек – ол шұғыл қызмет екенін әрбір азамат түсіну керек. Жедел көмек көрсету бригадасы Сіздерге ыстық түсіретін дәріні, артериялық қысымды өлшеуге және кеңес беру үшін келмейді.

Қандай жағдайларда жедел жәрдем шақырылады?

Жедел жәрдем (бұдан әрі - ЖМК) шұғыл медициналық кірісуді қажет ететін жағдайларда медициналық қызметкерлермен азаматтарға көрсетіледі.

Халықтан ЖМК шақыру Қазақстан Республикасының аумағында «103» бірыңғай телефон нөмірі бойынша іске асырылады. Қажетті емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және дайындалған біліктілікті медициналық қызметктерлермен ЖМК көрсетуі ЖМК шығу бригадасымен іске асырылады. Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру тәулікті орталандырылған азаматтардың өтініштері (шақыру) қамтамасыз етеді. Қабылданған шақыру аурудың профилі бойынша қаралады және ЖМК шығу бригадаларын келесілерге бағыттайды: 1) Жазатайым жағдайларда, жарақаттарда және улануларда емделушілерді тасымалдау және ЖМК көрсету үшін; 2) Қоршаған тұлғаларға және науқастың денсаулығына қауіп төндіретін, оның ішінде психикалық ауруларда; 3) Босанулар мен жүктіліктің өту күрделігінде; 2) Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету мамандарымен шақыру бойынша, шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін науқастарды госпитализацияға тасымалдау. Жедел жәрдемді шақырып жатқан азамат диспетчерге нені хабарлау керек? ЖМК шақыру түскенде келесідей деректер белгіленеді: 1) Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы мен жынысы; 2) Аурулар немесе жазатайым жағдай жайы және пациенттің жағдайы бойынша қысқаша деректер; 3) Нақты мекенжайы мен телефоны, подьезд есігінің коды, сондай-ақ пациент орналасқан орынға жету бойынша болжалдық деректер. Жедел медициналық жәрдем мына жағдайларда шақыруларға қызмет көрсетпейді: 1) Шұғыл және қауырт медициналық жәрдем қажет болмағанда; 2) Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысы уақытында медициналық жәрдем көрсету қажет етілгенде; 3) Медициналық ұйымдармен тағайындалған емдеу процедураларын орындау қажеттілігінде; 4) Шұғыл госпитализациялауды қажет етпейтін, жүктілер мен науқастарды, зардап шегушілерді тасымалдау; 5) Медициналық ұйымдарда жоспарлы консультативтік көмекті көрсетуге; 6) Стационарлардан науқастарды үйіне жеткізуге; 7) Өлім актісін жасау және куәландыруға. Шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті емес және жедел медициналық көмек үшін тән емес шақырулар, емхананың жұмыс істеу сағаттарында емханаға қайта адрестейді. Жедел медициналық көмек қызметінің жұмысы қандай нормативтік құқықтық актілермен белгілейді? Жедел медициналық көмек қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы «Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация түрінде медициналық көмек көрсету Ережелері» № 1463 Қаулысымен белгіленеді. Жедел медициналық көмек халыққа салттық қызметтерді көрсетпейді. ШЖҚ «Железин ОАА» КМК бас дәрігері Г. Оспанова