контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

29 қазан – Бүкіләлемдік инсультпен күрес күні.

Дата: 2016-10-12 02:01:55
Инсульт немен қауіпті? Көп адам бұл сырқат түрін тек қарт адамдарға тән деп ойлайды. Бірақ, статистикалық мәліметке сүйенсек, өкінішке орай, әлем бойынша адам өлімінің бірден бір себебі және мүгедектікке әкеп соғуына осы инсульт пен ми қан айналымының жіті бұзылуы болып табылады. Өлім-жітімнің жартысынан көбісі осы қан тамыры ауруына шалдыққандарға тиесілі және де соңғы жылдары бұл сырқат жасаруда.
  • Мидың жарты шарлары— Мидың жарты шарлары мидың ең үлкен бөлігі. Олар үстінде орналасқан. Олар бізге жан-жақта не болып жатқандығын хабарлау үшін, ал денемізге – өтіп жатқан әрекетке серпін қайтару үшін біздің сезім ағзаларымыздан ақпаратты қолданады. Жарты шарлар оқуға, ойлауға, үйренуге, сөйлеуге және көңіл-күйге қабілетті бақылайды. Ми екі жарты шарға бөлінеді – сол және оң, олардың әрқайсысы қызметтің жеке түрлерін бақылайды. Оң жарты шар дененің сол жақ бұлшық етінің қызметін, сол жарты шар дененің оң жақ бұлшық етінің қызметін бақылайды.
  • Мишық —Мишық жарты шарлардың астында мидың артқы жағында болады. Ол тепе-теңдік сезімін және жүру, сөйлеу секілді күрделі әрекетті бақылайды.
  • Ми діңгегі—Ми діңгегі миды жұлынмен жалғастырады. Ол ашығу сезімін және шөлдеуді бақылайды. Сонымен қатар, ол тыныс алу үрдісін, дене температурасын, артериалдық қысымды және организмнің басқа негізгі қызметін бақылайды.
Инсульттің симптомдары:
  • Беттің, қолдың немесе аяқтың кенеттен жансызданып, ұйып қалуы немесе әлсіздігі (әсіресе, дененің бір жағында)
  • Кенеттен тежелу, сөйлеуде немесе сөзді түсінуде мәселе пайда болуы
  • Бір немесе екі көздің кенеттен көруінің нашарлауы
  • Кенеттен жүрудегі мәселе пайда болуы, бас айналуы, тепе-теңдікті немесе қимыл үйлесімін жоғалту
  • Кенеттен себепсіз күшті бас ауырсынуы
Егер осы симптомдардың бірі байқалса, ауруханаға шұғыл емдеуді бастау үшін көріну қажет. Инсульттің шұғыл емдеуі оның дамуын тромбты тез еріту арқылы немесе қан кетуін тоқтату арқылы тоқтатуға тырысу. Реабилитациялық емдеу адамдарға инсульттің нәтижесі – мүгедектікті жеңуге көмектеседі. Қанды сұйылтуға бағытталған дәрілік емдеу инсульттің жиі қолданылатын әдісі. Инсульт пайда болу қаупіне кім ұшырайды? Организмнің кейбір ерекшеліктері, аурулар, дағдылар инсульттің немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Оларды қауіп факторлары атайды. Қауіп факторлары көп болған сайын, инсульттің пайда болу қаупі де жоғары. Жоғары артериалдық қысым және темекі шегу секлді қауіп факторларын емдеуге немесе бақылауға болады. Жас пен жыныс секілді басқа қауіп факторлары бақылауға келмейді. Инсульттің пайда болуының негізгі факторлары:
  • Жоғары артериалдық қысым. Жоғары артериалдық қысым – инсульттің дамуының негізгі қауіп факторы. Артериалдық қысым жоғары саналады, егер ұзақ уақыт бойы 140/90 мм.сын.бағ.деңгейінде немесе одан асатын болса. Егер қант диабеті болса немесе бүйректің созылмалы ауруы болса, 130/80 мм.сын.бағ. және одан асатын деңгей жоғары саналады. (мм.сын.бағ. - миллиметр сынап бағаны - артериалдық қысымды өлшеуде қолданылатын бірлік).
  • Темекі шегу. Темекі шегу қантамырларын зақымдауға және артериалдық қысымды арттыруға қабілетті. Темекі шегу нәтижесінде оттегінің қажетті көлемін организмнің барлық тіндеріне жеткізу төмендейді. Пассивті темекі шегу де қантамырларын зақымдауы мүмкін.
  • Диабет. Диабет организмнің инсулинді сіңіруінің бұзылысында немесе жеткіліксіз өндірілуінің салдарынан қандағы қанттың жоғары деңгейімен сипатталатын ауру. Инсулин – қантты организмнің жасушаларына жеткізуді қамтамасыз ететін гормон, жасушаларда энергия алу үшін қолданылады.
  • Жүрек аурулары. Жүректің ишемиялық ауруы (коронарлық артериялардың ауруы), кардиомиопатия, жүректің жеткіліксіздігі және жүрекшенің фибрилляциясы да тромбының түзілуіне ықпал етеді, тромбылар инсультке апаруы мүмкін.
  • Мидың аневризмалары немесе артериялық-веналық мальформациялар (АВМ). Аневризма – бұл артерияның қабырғасының шар тәрізді дөңестігі, ол созылуы және жарылуы мүмкін. АВМ – бұл зақымданған артериялар мен веналардың өрімі, ол да мида жарылуы мүмкін. АВМ туғаннан болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, олар жарылғанға дейін анықталмайды.
  • Жасы және жынысы. Инсульттің пайда болу қаупі жас ұлғайған сайын артады. Жас кезде инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Бірақ, инсульттен әйелдер өлім-жітімге жиі ұшырайды. Ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдаған әйелдерде инсульттің пайда болу қаупі біршама жоғары .
  • Инсультке шалдығудың жеке немесе отбасылық тарихы. Егер сізде инсульт болса, оның қайталану қаупі өте жоғары. кезінде, аурудың отбасылық тарихы болуында инсульттің пайда болу қаупі жоғары.
Инсульттің пайда болуының басқа да қауіп факторлары бар, олардың көпшілігін бақылауға алуға болады:
  • Алкоголь және наркотик тұтыну, кокаин, амфетамин және басқасын қоса.
  • Қандағы зиянды холестериннің жоғары деңгейі
  • Дене белсенділігінің болмауы
  • Дұрыс тамақтанбау
  • Семіздік
  • Күйзеліс және депрессия
  • Васкулит (қантамырларының қабынуы) және қанның ұюының бұзылысы секілді кейбір аурулар
  Салауатты өмір салтын ұстану инсульттің қаупін азайтуы мүмкін. Кейбір адамдарға инсульттің пайда болу қаупін азайту үшін дәрілік препараттарды қабылдау қажет.

Инсульт қалай емделеді?

Инсультті емдеу оның түріне байланысты (ишемиялық немесе геморрагиялық). Транзиторлық ишемиялық шабуылды емдеу (ТИШ) оның себебіне, басталғаннан өткен уақытына, симптомдарына, басқа аурулардың болуына байланысты. Инсульт және ТИШ шұғыл медициналық жәрдемді қажет етеді. Егер Сізде инсульт симптомдары болса, шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметіне хабарласыңыз. Өздігінше ауруханаға жетуге немесе басқа біреудің апаруына жол бермеңіз. Шұғыл медициналық жәрдем ауруханаға жетер жолда қажетті емдеуді жасай алады. Инсульт кезінде әр минут қымбат. Бастапқы емдеуді алғаннан кейін дәрігер инсульттің қауіп факторларын емдеуге және асқынуының алдын алуға тырысады. Қалай инсульттің алдын алуға болады? Қауіп факторларымен күрес инсульттің алдын алуға көмектесуі мүмкін. Егер сіз инсультті бастан кешірсеңіз, келесі әрекеттер оның қайта пайда болуының алдын алуға көмектеседі.
  • Темекі шекпеңіз. Егер темекі шегетін болсаңыз, қойыңыз. Темекі қан тамырларын зақымдайды және инсульттің қаупін арттырады. Дәрігермен темекіні қоюға көмектесетін бағдарламалар және өнімдер туралы сөйлесіңіз. Сонымен қатар, пассивті темекі әсерінен алшақ болыңыз, ол да қантамырларын зақымдайды.
  • Салауатты тағамды таңдаңыз. салауатты емдәм тамаққа түрлі көкөніс-жемістерді, тұтас дәндерді тұтыну; сондай-ақ, оған майсыз ет, құс еті, балық, бұршақ тұқымдастар, майсыз сүт және сүт өнімдері кіреді. Салауатты саналатын емдәм: қаныққан майлары, транс-майлары және холестерині, натрийі (тұзы) және қанты аз өнімдерді таңдау.
  • Салауатты салмақты қолдаңыз. Егер сізде артық салмақ болса немесе семіздіктен зардап шексеңіз, дәрігермен кеңесіңіз және салмақ азайту бойынша дұрыс жоспар жасаңыз. Салмақты реттеу инсульт қаупінің факторларының алдын алады.
  • Дене белсенділігін қолдаңыз. Дене белсенділігі фитнес-деңгейді жақсартып, денсаулыққа оңтайлы әсер етеді. Дәрігермен кеңесіп, өзіңіз үшін жаттығулардың қандай түрі және көлемі қауіпсіз екендігін кеңесіңіз.
  • Отбасылық инсульт тарихын біліңіз. Егер өзіңізде немесе отбасының мүшелерінде инсульт бұрын болса, бұл туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз.
  Қазақстанда жылсайын 49,5 мың адамдар аса инсульт дамыталыд, жылсайн 22 мың адам инсульттен қайтыс болады. Инсульттің тәуекелі мен оны алдын алу туралы ойлану керек! Әрбір адам өзінің денсаулығы туралы өзі ойлу керек, зиянды әдептер мен семіздікті жою керек. Өз уақытыңыздан айырылып қалмаңыз!     Железин орталық аудандық ауруханасы жалпы тәжірибесінің дәрігері О.В. Джулик