Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Дата: 2016-11-03 03:20:00
- 1. МӘМС деген не?
Бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін. Салық органдарында тіркелген жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өздері үшін. Осылайша, қаржылық ресурстарды тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді – ортақ жауапкершілік негізінде кем мұқтаж неғұрлым мұқтажға “бүгін сен өзгелерге көмектесесін – ертең саған бәрі көмектеседі”.
- МӘМС енгізу қажеттілігі неде?
Денсаулық сақтаудағы шығыстардың ұлғаюына әкелетін инфекциялық аурулардың өсуі, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі және егде жастағы адамдардың саны көбеюі тәрізді өзгерулер әлемде орын алуда. Халықаралық практикада МӘМС енгізу аталған жағдайларды жоюға және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі осындай жағдайларға дайын болуға және орын алып жатқан өзгерістерді уақытылы шешуге тиіс. Бұл әдіс мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтар арасында денсаулықты сақтау үшін жауапкершілікті үйлестіруді қажет етеді.
- 2017 жылдан бастап Қазақс танда қандай денсаулық сақтау жүйесі орын алады?
Қазақстанда аралас жүйесі орын алады, жарналар төленгеніне қарамастан, мемлекет барлық азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және еркін медициналық сақтандыру жүйесі қызмет етеді.
- МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның жауапкершілігінде негізделген. экономикалық белсенді емес азаматтар үшін
мемлекет жарналарды төлейді (әлеуметтік қорғалмаған халық үшін : ОАЕ-дан 4% (01.07.17 жылдан бастап), 5% (2018 жылдан бастап), 6% (2023 жылдан бастап), 7% (2024 жылдан бастап). жалға алынғандар үшін –
жұмыс беруші (кірістен 2017 жылдан 2% бастап 5% дейін 2020ж),
жұмысшылар (кірістен 2019 жылдан 1% бастап 2% дейін 2020ж) салық органдарында тіркелген
өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар – өздеріне (кірістен 2017 жылдан 2%; 3% 2018ж., 3% 2018ж, 5% 2019ж., 7%2020ж.
) - ӘМСҚ деген не?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
ӘМСҚ– аударымдар мен жарналарды жинайтын, медициналық қызметтерді сатып алу келісім-шартымен қарастырылған көлемде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілердің сатып алуын және төлемін жүргізетін коммерциялық емес ұйым.
- Азамат сақтандырылғанын қалай білуге болады?
Азаматтың медициналық сақтандыруын тексеру үшін мәліметтердің бірыңғай электрондық базасына азаматтың ЖСН енгізу қажет.Аударымдар жүргізіліп жатса, сақтандырмамен қамтамасыз етілетін барлық қызметтерді пайдалану құқығына ие болады.
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушылары қалай бола алады?
Жеке кәсіпкерлер жергілікті салық органдарында тіркеуге тұруы тиіс. Жұмыс болмаған кезде, жұмыспен қамту органдарында тіркеуге тұрып, жұмыссыз деген мәртебе алуы тиіс. Жұмысссыз деп тіркелген азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
- МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қандай қызметтер көрсетіледі?
- жедел жәрдем және санитарлық авиация - әлеуметтік маңызды аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек - шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек - профилактикалық егулер
Бұл пакет ҚР барлық азаматтарына қожетімді болады. - МӘМС жүйесіне қатысушысына қандай қызметтер көрсетіледі?
- амбулаторлық-емханалық көмек - стационарлық көмек - стационарды алмастыратын көмек - жоғары технологиялы медициналық көмек
- МӘМСҚ жарналарды мемлекет кім үшін төлейді?
«МӘМС туралы» Заңына сәйкес қорға төленетін жарналардан келесі тұлғалар босатылады:
- балалар
- көп балалы аналар
- ҰОС қатысушылар мен мүгедектер
- мүгедектер
- жұмыссыз деп тіркелген азаматтар
- интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбие алатын тұлғалар
- күндізгі оқу бөлімінде білім алатын тұлғалар
- бала туу, асырап алу жөніндегі демалыстағы тұлғалар
- жұмыс ітемейтін жүкті әйелдер, сонымен қатар, бала 3 жасқа толғанға дейін баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар
- зейнеткерлер
- әскери қызметтегі азаматтар
- арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері
- құқық қорғау органдардың қызметкерлері
- құқықтық-түзету жүйесінің мекемелерінде сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқан тұлғалар
- уақытша ұстау изоляторларда және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар.
11, 12, 13 тармақтарды есепке алмағанда мемлекет 12 санат бойынша жарналарды төлейді. Осы санаттардағы азаматтарға ведомстволық жүйе мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
- МӘМСҚ аударымдар мен жарналар қалай жиналады?
* МӘМСҚ аударымдар мен жарналарды жұмыс берушелір мен жұмсшылардың тарапынан шоғырландырады, сонымен қатар, ТМККБК үшін мақсатты трансферттер. * МӘМСҚ түсетін барлық аударымдарды бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктеу ұсынылады. * барлық аударымдардың арнаулы есебін автономдық ұйым ретінде мемлекеттік корпорация жүргізеді. * Мемлекеттік кірістер комитеті мен мемлекеттік корпорация арасындағы мәліметтер айналымы күнделікті негізде жүргізіледі.
- МӘМС жағдайында көрсетілетін медициналық қызметтердің бағалауы қалай жүргізіледі?
МӘМС жағдайында көрсетілетін медициналық қызметтердің бағалауы келесіге бағытталады: -емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; - клиникалық және экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге; - медициналық қызметтерді жеткізушілердің мақсатты көрсеткіштерге және индикаторларға қол жеткізуіне; ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті мемлекеттік бақылау жүргізеді, оның ішінде: - денсаулық сақтау саласында стандарттарды сақтау - өлім-жітім жағдайларын тексеру, оның ішінде МӘМСҚ сұранысы бойынша - емдлушілердің шағымдарын қарау
- Халық МӘМС енгізуден не алады?
Амбулаторлық-дәрілерді қамтамасыз ету жүйесін кеңейту жолымен халықтың қызметтерге қол жеткізуін жоғарлату Сапалы медициналық көмекке қол жеткізудің деңгейін жоғарлату Азаматтардың денсаулықтарын жақсарту және өмір ұзақтылығын жоғарлату.
Авторы: ШЖҚ «Железин ОАА» КМК бас дәрігері Г.К. Оспанова