контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек психодлогтары үшін семинар.

Дата: 2015-07-02 04:53:58
Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек психодлогтары үшін семинар.

ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 27 ақпанындағы №102,ҚРБжҒМ 2015 ж.02 наурызындағы № 95,ҚР ІІМ 2015 ж.11 наурызындағы №95 Бірлескен бұйрығын жүзеге асыруға әзірлеу үшін № 201 «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік әрекеттің алдын алу бойынша жобаны деңгейлі енгізу туралы» Павлодар облысының АМӘК психологтары үшін Күйзеліс орталығы психологтарымен семинар өткізілді.

Берілген семинардың негізгі мақсаты-нормативті құжаттың негізгі ережелерін түсіндіру, жоба шегінде кәмелетке толмағандардың мінез құлықтарының бұзылуын алдын алу бағытын талқылау.

Психолог Столяревская С.А. әріптестерін 2015 жылы Қазақстан Республикасындағы БҰҚ Балалар қорының қолдауымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік әрекеттің алдын алу бойынша жобаның мазмұны жайлы хабардар етті.

Айырықша көңіл АМӘК деңгейінде жасөспірімдер мен балалардың күйзелісті жағдайларын диагностикалау үшін психологиялық тәсілдерді қолдану -медициналық мекемеде психологтың амбулаторлы қабылдауы мәселеріне бөлінді.

Психикалық денсаулық сұрақтарында АМӘК мамандарының хабарларын көтеру мақсатында балалар психиатры Тюменцева О.В. бала және жасөспірім жасындағы депрессивтік ерекшеліктері жөнінде айтып берді.

Психотерпияның суицидтік мінез құлқын алдын алу және психикалық денсаулық проблемаларымен жұмыс істеу кезіндегі ең бір тиімді бағыты когнитивті-көңіл күй терапиясы болып табылады.

Берілген терапия бағытының базалық психокоррекциялық техникасымен АМӘК психологтарын Е.А Глотова таныстырды.

25.06.2015г.