контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы тілдерінің күні

Дата: 2016-09-19 05:20:39
Қазақстан халқы тілдерінің күні

1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған.

Осы мерекеге орай 2016 жылдың 16 қыркүйек күні «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК «Тіл-достық көпірі», «Язык-мост дружбы» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараны «ПОПНД» бас дәрігерінің орынбасары Абай Оразбайұлы Темірғалиев ашты. Емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары Виктория Ивановна Ефимова орыс тілінде және ағылшын тілінде өз құттықтауын білдірді.

IMG_1175

IMG_1183

Мерекелік шараның өтуіне белсене қатысқандар:

IMG_1199

Балалар бөлімшесінің меңгерушісі Ольга Вадимовна Тюменцова орыс ұлттық киімін киеп, мәнерлеп өлең шұмақтарын жолдады, ұлттық киімнің тарихымен таныстырды.

IMG_1210

Балалар бөлімшесінің қызметкері Аманбаев Азамат арнайы ән-шашуын арнады.

IMG_1208

Жалпы психиатриялық бөлімшесінің қызметкері Фируза Фаридовна Измайлова татар тілінде Отан туралы өленің оқып, татар халқынның ұлттық нақыштарымен таныстырды.

IMG_1224

4-ші ерлер бөлімшесінің Мусина Айгүл, мәнерлеп өлең шұмақтарын оқып берді.

Қазақстан Республикасы туралы 20 қызықты деректер атты видео ролик көрсетілді. Мерекенің аяғында бөлімшелердің меңгерушілері өз құттықтауларын білдірді.