
Суицидті алдын алу үшін ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар.
2016 жылы 28.11. Ақсу қаласының білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне тәжірбиелік көмек көрсету мақсатында «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК-ның мамандары кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтік белсенділікті алдын-алу мақсатында семинар өткізді. Дәрігер – психиатр О.В. Тюменцова педагогтарға бала кезінде және жасөспірім кезіндегі күйзеліс жағдайларын айттып өтті. Дағдарыс орталығының психологы Е.А. Глотова, педагог ұжымымен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен суицидті алдын алу туралы айттып өтті. Өмірдің құңдылықтарын бағалауды түсінуге қатысты, жаңа әдістерді және техниканылық түзетуді талқылап кетті. Павлодар облысында жасөспірімдер арасында суицидтік жағдайдың екі жылдың ішіндегі статистикасын қатысушыларға ұсынды. Деструктивті мінездің белгілері, жасөспірім жасы, суицидтін түрлері қарастырылды.