
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК
Дата: 2017-01-13 06:11:10
2017 ж. 10.01. «Дағдарыс орталығының» психологы В.Ю. Шамсутдинова №18 Павлодар қаласының орта мектебінің оқушылары арасында «Біз жақынбыз, біз біргеміз, барлығын еңсеруге болады!» атты интерактивті сабақ өткізді. Тренинг мақсаты – сынып ұжымының ішінде серіктестік және ынтымақтастық қатынастарын орнатуға және дамытуға ықпал жасау. Ойындар мен жаттығулар, ойын жағдайларда балалардың өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау сыныптастар арасында байланысты жандандыру, эмоционалдық байланысты және өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталды. Сабақ барысында сыныптағы ұйымшылдық, мақсатқа жетудің жолы екені айқындалды.