
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ
Біздің медициналық ұйымда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесітуралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ құрылды.
Қызметтің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Егер СІЗДЕР:
- медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
- медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырассаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз
- сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, Сіз ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуға құқылысыз.
Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиялық отырыста қарастырылатын болады.
Сіз өзіңіздің шағымдарыңызды, аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады, сондай-ақ шағымды медициналық ұйымның сайтына қалдырсаңыз болады: сайттың мекенжайы mcrbbuh@mail.ru
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ сіздің шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген телефон нөмірлеріне: 8-71838-91-446 немесе №245 кабинетке ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолықсаңыз болады.
Ем қабылдап жатқан пациенттер, сонымен қатар олардың туыстары шағымдануға құқылы.
Көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін анықтау мақсатында біздің пациенттерге және (немесе) олардың туыстарына сауалнама жүргізеді.
Сауалнама ерікті негізде жүргізіледі, Сіздің жауаптарыңыздың құпиялылығы сақталады, сондықтан Сауалнамада Сіздің тегіңізді немесе мекенжайыңызды көрсету қажет етілмейді.
Сіздің ой-пікіріңізді дәл көрсететін жауаптарды таңдап, сауалнама сұрақтарына жауап берсеңіз және біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына өзіңіздің үлесіңізді қосқаныңыз үшін Сізгеалғысымызды білдіреміз
КМҚК «Май Орталық Аудандық Ауруханасы»
Павлодар облысы, Май ауданы, Коктобе селосы, Сулейменова көш., 12 үй.
Тел./факс: 8(71838)91486, e-mail: mcrbbuh@mail.ru