
Скринингті өтіңіз!

ШЖҚ «Ертіс орталық аудандықауруханасы»КМК
Қожаберген батырк,15,
№1, 10, 21каб.
сағ.8:30-ден 18:00-ге дейін
қабылдаужеке куәлікпен жүргізіледі
Скринингке мекенжай бойынша шақыру
СКРИНИНГ – бұл қауіп факторлары мен сырқаттарды ерте кезеңдерде анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау тұлғалардың профилактикалық медициналық тексерісі, осы арқылы емхана тиімділігі артады және асқынулардың пайда болуын болдырмайды.
СКРИНИНГ ӨТУГЕ КЕЛЕСІ ЖАС ТОПТАРЫ ЖАТАДЫ:
- 40, 42, 44, 46, 50, 52, 60, 62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер
- қандағы холестерин мен қант деңгейін анықтау;
- электрокардиография-көрсеткіштер бойынша; - кардиолог пен эндокринолог тексерісі – көрсеткіштер.
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер
- көз ішіндегі қысымды өлшеу.
- 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер
-патологиялық өзгерістерді тексеру үшін жатыр мойнынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу;
- акушер-гинеколог тексерісі, кольпоскопия – көрсеткіштер бойынша.
- 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер
- сүт бездерін ренгенологиялық зеттеу (маммография);
- маммолог, онколог тексерісі – көрсеткіштер бойынша
- 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 и 70 жастағы ерлер мен әйелдер
- тоқ ішек сырқаттарын ерте анықтау үшін үлкен дәретті жасырын қанға тестілеу;
- тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия)– көрсеткіштер бойынша.
- 50, 54, 58, 62, 66 жастағы ерлер
- простат-спецификалық антиген мен оның түрлеріне қан тапсыру;
- уролог тексерісі, ультрадыбыстық зерттеу мен биопсия – көрсеткіштер бойынша.
- 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы ерлер мен әйелдер
- өңеш пен асқазанды эндоскопиялық зерттеу (эзофагогастроскопия);
- гастроэнтеролог, онколог тексерісі – көрсеткіштер бойынша.
- Анықталған С гепатиттері бар ерлер мен әйелдер
- альфа-фетопротеинді анықтауға қан тапсыру;
- бауырды ультрадыбыстық зерттеу.
Қазақстанда скрининг тегін өткізіледі.
Егер Сізді скринингке шақырса — келіп, өтіңіз!