Бронх демікпесінің алдын алу
Дата: 2016-05-17 05:26:50

Бронх демкпесі – қалыпты демалуға кедергі келтіретін ауру. Демалу жолдарында қақырықтың, ісіктің және қабынудың жиналуынан демалу жолдарына күш түсіреді. Ауру әдетте бала кезден дамиды. Бронх демікпесі – бала жасындағы ең кең таралған аурулардың бірі. Себептері әр түрлі болуы мүмкін. Демікпе жиі қоздырғыштарға жоғары сезімталдық әсерінен дамиды. Ауру қоршаған орта факторларымен (жұқпа, аллергия) байланысты болады, сонымен қатар тұқым қуалаған ауру да болауы мүмкін. Демікпенің өршеленуінің пайда болу себептері: - қарқынды дене жүктемесі; - қорқыныш, волнение, күйзеліс; - дәрілік препараттар; - қоршаған ортаның қоздырғыштары (темекі түтіні, иіс су, пайдаланылған газ және т.б. ); - бактериалды және вирусты жұқпалар (синусит, тұмау, суық тию, бронхит); - аллергендер (тозаң, кене, азық-түліктер, шаң-тозаң, жануарлардың жүндері). Бронх демікпесінің өршеленуінің алдын алу үшін оларды туғызушы факторларды қашанда есте сақтау қажет. Мүмкіндігінше олардан қашқақтау қажет. Күнделікті үйдегі тазалыққа назар аудару қажет. Үйдегі қандай болсын аллергендерді жою қажет: жануарлардың жүндері, шаң-тозаң және т.б. Пайдаланылған газ бен темекі түтінінің иісінен алшақ болуға тырысыңыз. Егер сіз темекі шексеңіз онда бұл зиянды әдеттен мәңгі-бақи қош айтысыңыз. Жиі дәрігер ұсынған препараттарды мүлтіксіз қолданыңыз. Осыдан соң жиі өршеленулерді қысқарта аласыз. Жүрек мен өкпе жағдайын жақсарту үшін спортпен шұғылданыңыз.