контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Баланы емізу – тамақтандырғаннан да пайдалы

Дата: 2016-07-20 03:38:27
Алты айға дейін баланы тек емізудің нәресте мен оның анасы үшін маңызы көп. Баланы емізуді бала туылысымен бір сағаттың ішінде ерте бастаудың арқасында нәрестені инфекциядан қорғауды қамтамасыз етуге және нәрестенің өлім-жітімін төмендетуге болады. Диарея және басқа инфекциялардың нәтижесінде өлім-жітім қаупі басында сирек емген немесе мүлде ембеген балалардың арасында жоғары болуы мүмкін. Ана сүті 6-23 айлық балалар үшін қуат және нәрлі заттектердің көзі болып табылады. Ол 6-12 айлық балалардың жартылай немесе барлық энергетикалық қажеттіліктерін және 12-24 айлық балалардың энергетикалық қажеттіліктерінің үштен бірін қамтамасыз етуі мүмкін. Еміздірген балалар мен жасөспірімдердің артық салмақ немесе семіздіктен зардап шегу мүмкіндігі аз. Нәресте мен балаларды тиісті тамақтандыру бойынша ДДҰ мен ЮНИСЕФ ұсыныстары келесілерді білдіреді:
  • бала туыла салысымен алғашқы сағатта емізуді бастау;
  • баланы алғашқы алты айында тек емізу;
  • балаларды алты айдан бастап емізуді жалғастырумен қатар екі және одан үлкен жасқа дейін тиісті нәрлі және қауіпсіз қосымша тамақ беруді енгізу.