
Халықаралық балаларды қорғау күні

Балалардың денсаулығы - біздің қолымызда!
Біз барлығымыз мықты денсаулық - бұл өте маңызды, ал балалардың денсаулығы - ерекше маңызды екенін түсінеміз! Бірақ бүгінгі таңда балалардың жағдайы үлкен қауіп-қатерді тудырып отыр.
Статистикаға сәйкес, он баланың ішінде тек бір бала ғана шартты түрде сау болып саналады. Ал қалғандары ше!? Бұл деген 90%!
Сонда мектеп жасына дейінгі балалардың басым бөлігінің аурулары бар. Сондықтан ата-аналар, мектепке дейінгі мекеме және дәрігерлердің басты міндеті - балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.
САлауатты өмір салтын ұстану соншалықты қиын емес: қытырлақ картоптарды - жүгері қауызына, кәмпиттерді - кептірілген жемістерге, кока-коланы копмот және морсқа, "Макдоналдсқа" баруды - орманға саяхаттауға, ал теледидар алдында отыруды - таза ауада серуендеуге алмастыруға болады. Тек бастау керек.
Әрине, баланы аурудан мүлдем құтқару мүмкін емес. Бірақ олардың санын, ауыртпалығын және мерзімін азайтуға болады. Ол үшін тек маман -дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, мүмкіндігінше оларды орындауға тырысу керек. Өйткені барлығымыздың міндеттеріміз ортақ және өте маңызды - бұл БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ.