контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

"Жедел ішек инфекциясының алдын алу" тақырыбында семинар

Дата: 2015-06-02 03:29:59

2015 жылдың 20 мамырында ШЖҚ « Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК-да халықтың санитариялық сауатын көтеру және жұқпалы жедел ішек инфекциясы пайда болуының алдын-алу мақсатымен жұқпалы жедел ішек инфекциясының алдын-алу тақырыбына семинар өткізілді.

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру.

 

Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы- жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды.

 

Ішек инфекцияларының белгілері пайда болған кезде шұғыл дәрігерге жүгінуіңіз керек.

-         Үйде өз бетімен емделуге болмайды!

-         Ең бастысы, « ТАМАҚ АЛДЫНДА ҚОЛДЫ ЖУУ !»