
2015 жылдың 29 маусымы мен 28 тамыз аралығында вирусты гепатитке қарсы айлық

2015 жылдың 29 маусымы мен 28 тамыз аралығында вирусты гепатитке қарсы айлық жүргізілді.
Гепатиттің барлық түрлері үшін арнайы ережелер бар. Осы ережелерді қолдану патогендік клеткалардың ағзаға түсу қаупінен құтылуға көмектеседі.
1. Ең басты қауіп – қайнатылмаған су. Оны арнайы термикалық өңдеуден өткізбей ішуге, көкөністерді жууға болмайды. Суды 100°C дейін қайнату арқылы А гепатитінен қорғану және денсаулық кепілі болып табылады.
2. Өзге адамдардың биологиялық сұйықтықтарының адам ағзасымен қарым қатынасқа түсуден сақтану – жалпы сақтану түрлерінің бірі. С және В гепатиттерін жұқтырып алудан сақтану үшін ең бірінші ашық жараның шығыршықты қабатына басқа адамның қанының түсіп кетпеуін қадағалау қажет. Микроскопиялық мөлшерде қан қауіпсіз ұстара ұшында, қайшы, тіс щеткасы және басқа да жеке тазалық гигиенасына арналған құралдарды пайдалануда сақ болу қажет. Сол себепті әр адамның өзінің жеке қолданылатын құралдары болуы керек.
3. Жұқтырудың алдын алу шаралары барлық медициналық мекемелерде қарастырылуы міндетті. Егер сіз эндоскопия жасатсаңыз немесе стоматологқа 10 жыл бұрын қаралған болсаңыз, қайта тексерілуіңіз қажет. Себебі ол кездерде гепатитке қарсы жұмыстар қазіргі уақыттағыдай алға қойылған жоқ.
4. Татуировка немесе пирсинг жасайтын болсаңыз шприц пен инені екінші мәрте қолданбаңыз, сонымен қатар қажетті құралдардың залалсыздануын қадағалаңыз. Гепатит ашық кеңістікте ұзақ өмір сүретінін есте сақтаңыз. ЖИТСвирусына қарағанда гепатит ашық үстіңгі қабатта бірнеше аптаға дейін сақталады.
5. В гепатиті негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі, сонымен қатар С вирусы да осы жол арқылы берілуі мүмкін. Сол себепті жыныстық қатынас кезінде қауіпсіздік шараларын максималды түрде қолдану қажет.
6. Вирустық инфекция сонымен қатар анадан балаға босану кезінде, жүктілік мерзімінде және сүт шығу кезінде берілуі мүмкін. Сәбидің инфекция жұқтырып алу қаупінің алдын алуға болады. Ол үшін медициналық қатаң қадағалау мен арнайы препараттар қабылдау, гигиена нормаларын сақтау қажет. Бәрінен де вирусқа қарсы егу жұмыстарын жүгізген дұрыс. Себебі жұқтыру жолдары белгісіз болуы мүмкін
Бұл жұқтырудың негізгі қаупі мен факторларын бір арнаға тоғыстыратын жалпы нормалар мен ережелер. Сонымен қатар әр вирустың жұқтыру қауіпін алдын алу шараларын жеке-жеке қарастыру, толық сақтану шараларын қамтуға мүмкіншілік береді.