
Денсаулық фестивалі
Дата: 2015-09-08 02:24:22

Республикалық кең ауқымды "Денсаулық фестивалі -2015" акциясына ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК қызметкерлері белсене қатысты. Қалалық "Шахтер" паркінде спорт және денсаулық мерекесінің барлық қатысушылары билеп жаттығу жасады.
Медициналық қызметкерлер "Денсаулық қалашығын" ұйымдастырды. Біздің емханамыздың өкілі кардиолог дәрігер Елена Степановна Ярышева болды. Әңгімелесулер жүргізіліп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық- білімділік материалдар таратылды.