контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Азаматтарды тіркеу науқаны

Дата: 2015-09-21 06:30:05
Азаматтарды тіркеу науқаны

Тіркелу ережелері

1.МСАК ұйымдарына азаматтарды тіркеу тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орны бойынша, дәрігерді, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

2. Азаматтар тек МСАК ұйымының біреуіне ғана тіркелуі мүмкін.
3. Медициналық ұйымға тіркеу талоны азаматтың МСАК ұйымына тіркелгендігін куәландыратын құжат болып табылады, оны медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
 4. МСАК ұйымына тіркеу еркінше толтырылған өтініш және жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік негізінде жүзеге асырылады.
 5. МСАК ұйымы азаматты өз еркімен келген кезде тіркейді. Отбасы мүшелерін олардың жазбаша келісімі болған жағдайда еркінше толтырылған өтініш негізінде тіркеуге рұқсат беріледі.

6. МСАК ұйымына тұлғаларды тіркеу олардың тікелей немесе жазбаша жүгінген кезінде іске асырылады.
7. 18 жасқа толмаған тұлғаны тіркеу тіркелетін тұлғаның жеке куәлігі және оның заңды өкілі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

8. МСАК ұйымына азаматарды тіркеу мына жағдайларда өзгертіледі:

 1) тұрақты немесе уақытша мекен-жайын, жұмысын немесе оқуын ауыстырған кезде, 

 2) азаматтардың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жылына бір рет ауыстырылады. 

9. Азаматтардың еркін таңдау құқығы негізінде МСАК ұйымдарына тіркелуі, олардың аталған ұйым мамандарының үйге келіп қызмет көрсетуі алын ала айтылады және талонда көрсетіледі.