
"АҚТҚ жұқпасының алдын алу" тақырыбна семинар
Дата: 2015-11-26 08:08:05

2015 жылғы 18 қарашада ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК-ы әйелдер консультациясының меңгерушісі Т.Усинова Екібастұз қаласының №7 мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушыларына арнап АҚТҚ жұқпасы, ЖҚТБ, әйелдер және еркектер денсаулығын қорғау, жыныстық жолмен берілетін жұқпалардан қалай сақтану керектігі туралы лекция оқыды.