контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Тұрғындарға арналған жаднама

Дата: 2016-03-20 08:42:10
Дата: 2016-02-03 12:57:43

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Дәрігерді үйге шақырту сағат 18.00-ге дейін мына телефондар арқылы қабылданады: 341313, 341488. ЖРВИ және тұмау бойынша аурулардың кең таралуы кезеңінде жұмыс күндері ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастардың шақыртуларына кеңес беру және қабылдауға арналған қосымша жедел телефон желілері жұмыс істейді: 349594 және 341385. Келушілер ағынын бөлу үшін тіркеу орнында анықтама бюросы қарастырылған. Дене қызуы көтерілген науқастар үшін сүзгі №108 кабинеті жұмыс істейді. Сенбі күні кезекші дәрігерлер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдау жүргізеді. Үйге дәрігерді шақырту сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Тұмаудың кең тараған кезеңінде емхана жексенбі күні де жұмыс істейді, кезекші дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Жексенбі күнгі жұмыс кестесі: Кезекші дәрігерлердің қабылдауы 9.00-ден 18.00-ге дейін. Дене қызуы бар және ЖРВИ мен тұмау белгілері бар пациенттерге шақыртулар сағат 17.00-ге дейін қызмет көрсетіледі.

№3 емхана әкімшілігі

Автор: №3 емхана