контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Дүниежүзілік иммундау апталығы

Дата: 2016-04-28 04:55:12
Дүниежүзілік иммундау апталығы 24 сәуірден 30 сәуір аралығында ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК-да Дүниежүзілік иммундау апталығы өтіп жатыр. Емхана қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Лекциялар, алдын ала әңгімелесулер өткізілді, мектеп оқушылары мен студенттер арасында"Вакцинация деген не?" тақырыбында сауалнама жүргізілді, ақпараттық материалдар (буклеттер, парақшалар) таратылды, денсаулық мектептерінде бейнероликтер көрсетілді. Иммундау – бұл адамның иммунитетті иелену үдерісі немесе вакцина енгізу арқылы жұқпалы ауруларға қарсы төтеп бере алуы. Вакцина жұқпалы аурудан немесе инфекциядан адам организмінің иммундық жүйесін қорғауға себептеседі. Иммундау - денсаулық сақтаудың ең табысты және тиімді әдістерінің бірі. Иммундау өмірге қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресудің немесе оларды жоюдың құралы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл тіпті халықтың ең осал тобына иммундау қолжетімділігін қамтамасыз ететін стратегиялармен тексерілген денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар тұрғысынан ең тиімді түрі. Нақты анықталған мақсатты топтар бар; шығу бригадалары арқылы иммундауды орында жүргізу мүмкіндігі бар; вакцинациялау үшін өмір салтын айтарлықтай бір бағытқа өзгертудің қажеті жоқ. Сәуір айының соңғы аптасында (24-30) жүргізілетін Еуропалық иммундау апталығының мақсаты халықтың денсаулыққа және адамдардың сау болуына иммундаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат алуын жоғарылату. 2016 жылы жүргізілетін іс-шаралар Өңірдің қызылша мен қызамық элиминациясы бойынша келісілген жұмысты жүзеге асыру барысындағы кездесетін қиындықтарына және қол жеткізген прогрессіне арналады.