Бүкілхалықтық бронхиалды астманың алдын алу күні
Дата: 2016-05-03 03:29:52

2016 жылғы 3 мамырда ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК-да Бүкілхалықтық брпонхиалды астма күніне арналған ашық есіктер күні өтті. Емхана кіре берісінде СӨС үйлестірушілері пациенттермен алдын алу жұмыстарын жүргізді, ақпараттық материалдар таратты (парақшалар, буклеттер).
Бронхиалды астма туралы не білу керек! Бронхиалды астма – ісінуден, бронх тарылуынан болған тұншығумен сипатталатын тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы.
Бронхиалды астманың пайда болуының қауіп-қатер факторлары : Тұқым қуалаушылық. Жиі респираторлық- вирустық аурулар Үй шаңы, өсімдіктер тозаңы, азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар, жануарлар жүні, аэрозолдар, бояғыштар, саңырауқұлақтар және т.б. Темекі шегу. Баланы ерте жастан жасанды тамақтандыруға ауыстыру. Бронхиалды астма уақытылы және дұрыс жоспарланған алдын алу шараларын болдырмауға мүмкін болатын ауруларға жатады . Бұл ретте алдын алу және емдеу 3 деңгеймен жүргізіледі. Бастапқы алдын алудың мақсаты - сау адамдарда астманың алдын алу және келесі факторлармен күресуге бағытталған:
Балаларда алдын алу шаралары: Кеудемен емізу. Ана кеудесінен ерте айыру және қосымша тағамды енгізу - бронхиалды астма дамуының маңызды факторы, әсіресе егер бала жоғарыаллергенді өнімдер алатын болса (цитрустар, шоколад, тауық жұмыртқасы, жаңғақтар және т.б.) Балаға жайлы жағдай жасау. Бұл ретте қауіп-қатер факторлары темекі түтінімен байланыста болу (ата-аналар және басқа ересек адамдардың балалардың қасында темекі шегуі), тітіркендіретін химиялық заттардың болуы болып табылады. Созылмалы тыныс алу жолдарының алдын алу. Қауіп-қатер факторлары: жиі және ұзаққа созылған бронхиттер, тонзиллит, синусит, аденоид және т.б.
Ересектерде астманың алдын алу келесіге байланысты: Созылмалы тыныс алу жолдарының алдын алу. Астманың дамуының қауіп-қатер факторлары - созылмалы бронхиттер, пневмониялар т.б.; Тітіркендіретін заттармен ұзақ уақыт бойы байланыста болу (темекі шегу, жұмыстағы, тұрмыстағы химиялық заттар). Келесі алдын алудың мақсаты - астма алдындағы кезеңде, бірақ әлі астмамен ауырмаған тұлғаларда аурудың алдын алу. Бұл кезеңдегі қауіп-қатер факторлары: Әртүрлі аллергиялық аурулардың бар болуы (тағам аллергиясы, аллергиялық риниттер, экзема т.б.)
Қолайсыз тұқым қуалаушылық. Бронхиалды астмамен ауырған туыстардың болуы; Астманың үшінші реткі алдын алуы қалыптасқан аурудың ауырлығын азайту, оның асқынуын ескеру. Бұл ретте дәл қай аллерген астма тұншығуын тудыратынын анықтау керек. Бұл кезеңдегі қауіп-қатер факторы – ортақ аллергендермен науқастың байланысуы.
Астманың алдын алу шараларын дұрыс жүргізу тек аурудың пайда болуын болдырмай қоймайды, сонымен қатар оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді!