Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
"Денсаулық қалашығы"
Дата: 2016-06-10 00:53:37
9.06.2016жылы "Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз" ұранымен "Денсаулық фестивалі -2016" кең ауқымды акциясы аясында емхананың медициналық қызметкерлері "Болашақ" СҮ-де "Денсаулық қалашығы" акциясын ұйымдастырды. Артериялық қысым, қант мөлшері және қандағы холестерин өлшенді, жалпы тәжірибе дәрігері Н.В.Семон кеңес берді. Ақпараттық-білімділік материалдар таратылды. Барлық еріктілер өзінің артериялық қысымын, қант және қандағы холестерин мөлшерін білуге, артериялық қысымның алдын алу, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту жөнінде кеңес алды.