"Ұлттық отбасы күні"
Дата: 2016-09-15 01:47:25


ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК-да "Отбасы -бұл біздің бірлігіміз, тыныштығымыз, болашағымыз!" ұранымен Ұлттық Отбасы Күніне арналған кең ауқымды акция өткізілді. Отбасы әрбір адамның денсаулығын сақтауда және нығайтуда, өз денсаулығын сақтайтын дағдылар мен қауіпсіз жүріс-тұрысына жауапкершілікті қалыптастыруда негізгі рөл атқарады. Барлық қоғамның міндеті - әрбәр адамның сауаттылығын арттыру және отбасыны жоспарлауға қатысты, репродуктивті денсаулықты сақтау және дені сау балаларды тууға жауапкершілікті қалыптастыру. №3 емхана психологы Е.В.Көшербаева әйелдер консультациясындағы отбасыны жоспарлау кабинетінде "Жүкті әйел әлемі". Арт-терапия тақырыбында тренинг өткізді. "Жүкті әйел әлемі" тақырыбында сурет салуды ұйымдастырды. Барлығы 12 әйел қатысты. Болашақ аналар мектебінде "Отбасыны жоспарлау", "Ұрықтың жатыр ішінде дамуы" тақырыптарында бейне-роликтер көрсетілді.