Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл
Дата: 2016-12-15 05:10:49
15.12.2016ж. сағат 11.00-де ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК-ның акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын болып өтті, емхананың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы предизенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін тыңдауға жиналды. Елбасы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Республиканың 25 жылда жеткен жетістіктері туралы баяндады. Сонымен бірге емхананың бас дәрігері К.Сәкенова ұжымды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенованың құттықтау сөзін оқыды. Бас дәрігердің орынбасары С.Аязбаева да өз атынан құттықтады. Мерекеге орай емхананың барлық қызметкерлері ақшалай сыйақымен марапатталды.