
Ақтоғай аудандақ ауруханасының жетістіктері
Өткен 2013 жыл ауданның денсаулық саласы үшін жетістігі мол жыл болды. Себебі аудандық аурухана 2013 жылдың қазан айында кезекті аккредитациялық тексеруден өтіп, денсаулық сақтау саласының стандарттарына сай деген куәлігін тағы 2 жылдық мерзімге алды. Жалпы денсаулық саласындағы әр мекемеге аккредитациялық комиссиядан сүрінбей өту маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар бұл куәлік аудандық аурухананың атқарып жатқан жұмысының жетістіктерін, халыққа көрсетіп жатқан қызметінің сапасын айқындайды.
Бүгінгі күні аудан халқының саны 13 555 адамды құрайды. Олардың ішінде балалар саны 3749, бала туу жасындағы әйелдер саны 2994 адам. Аудан халқына 1-аудандық аурухана, 1-туберкулезге қарсы емхана, 4-дәрігерлік амбулатория және 26 медициналық пункттер қызмет көрсетеді. Жалпы аудан бойынша 17 дәрігер, 94 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Дәрігерлердің 35% бірінші санатты категорияға ие, қалғандары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келген жас мамандар. Дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері жыл сайын Павлодар, Алматы және Астана қалаларында өз біліктіліктерін жоғарлатуға оқуға жіберіліп отырады. Бүгінгі күні ауданда кадр мәселесі де бар. Бірақ жыл сайын жас мамандарты тарту, Семей мемлекеттік медициналық академиясының түлектерімен 3 жақты келісімшарттар жасау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2013 жылы жасалған келісімшартпен биыл ауданға 2 жалпы практик дәрігері және 1 акушер- гинеколог дәрігері келеді.
Елбасымыздың жарлығымен денсаулық саласында «қол жетімділік» принципі бойынша барлық дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі стационарлар жұмыс ісдейді, бұл науқастар үшін қажетті емді өз ауылында ала беруге мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар шалғай орналасқан аймақтарға облыстық ауруханалардан жыл сайын денсаулық поездары шығарылып, халыққа қызмет көрсетеді.2013 жылыда ауданның барлық елді мекендеріне Мамографиялық, Стоматологиялық, Флюкар жылжымалы аппптараттары келіп қызмет көрсетті.
Халық денсаулығын жақсарту мақсатында жыл сайын профилактикалық қарау жұмыстары өткізіледі. 2013 жылы профилактикалық тексеруден өткізуге жоспарланған адамдар толығымен тексеруден өткізіліп, сауықтырылды. 2014 жылы да жүрек қантамыр ауруы мен қант диабетіне тексеруге 1300 адам, глаукома ауруына қарсы тексеруге 1250 адам, омырау безі мен жатыр мойнының обырына қарсы тексеруге 950 адам, асқанан және 12-елі ішек обырына 1004 адам, жуан және тік ішек обырына қарсы тексеруге 1210 адам, және 17 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруден өткізуге 3749 бала жоспарланып, бүгінгі күні барлық профилактикалық тексерулердің 50% аяқталып, анықталған науқастарды облыстық клиникаларға тереңдетілген тексерістерге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай профилактикалық караулардың арқасында анықталған жүрек қан тамыр аурулары бар науқастар «коронарографиялық тексеруге», қажет болған жағдайда облыстық кардиохирургиялық орталыққа операциялық емге жіберілуде. Осының арқасында ауданда қатерлі ісіктер мен жүрек-кантамыр ауруларынан өлім көрсеткіштері төмендеген.
Жалпы ауданда бала туу көрсеткіштері, ана мен бала өлімінің көрсеткіштері жыл сайын жақсаруда. 2013 жылы бала туу көрсеткіші жақсарып, өткен жылмен салыстырғанда 20 балаға артық туылған. Өткен жылдармен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіштері де біршама жақсарып келеді.
2013 жылы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қомақты қаражат бөлініп аудандық аурухана ғимаратына 125821,5 мың тенгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 31050,0 мың тенгеге рентген аппараты, 2800,0 мың тенгеге гастрофиброскопаппараты, 410,0мың тенгеге ЭКГ аппараты сатылып алынды.
Қазіргі уақытта ауданның денсаулық саласында Арынов Серикжан Арынұлының басқаруымен, Белова Галина Михайловна, Борамбаева Баян Темирболатовна, Рахимжанова Гульмира Ақанғалиевна, Герман Ирина Самойловна, Ботаев Бейбіт Ботаевич, Капжапарова Бақытгуль Сериковна сияқты білікті дәрігерлер мен Байбусинова Дамежан, Макимова Гульжан, Баязитова Айгуль, Капсалямова Шынар, Мухамедярова Зинат, Займолда Махуза, Займолда Жазира , Кайргельдинова Роза Аскаровна, Котова Любовь Никалаевна, Темирболатова Гульзайра Өмешовна,Аубакирова Маргума Камельевна, Бабыкова Қымбат Қазбековна, Алшимбаева Шамшия Сагагндыковна, Жайыкбаева Сара Файзулловна, Смайлова Нургуль Куанышбаевна сияқты тағы да басқа орта буын қызметкерлері қажырлы еңбек атқаруда.
Келе жатқан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында әріптестеріме қажырлы да игілікті еңбектері үшін шын жүректен алғыс білдіре отырып мерекемен құттықтағым келеді. Олардың дендеріне саулық, отбасыларына бақ пен береке, әр үйде шаттық пен қуаныш болсын деймін!
Ақтоғай ауданының
бас дәрігерінің орынбасары Құрманғалиева Гүлбақыт Ғалымқызы