
• Пациенттерге қолдау көрсету қызметі туралы хабарлама
Ақтоғай ауданының емханасында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау қызметі) құрылды.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ және Ішкі бақылау қызметі функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Осыған байланысты, егер Сіздер:
-мелициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
-медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
-сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселеге кез болсаңыз, СІЗ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ және ішкі бақылау қызметіне жолығуға құқылысыз.
Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің шағымыңыз комиссиямен және Сіздің қатысуыңызбен қарастырылатын болады.
Сіз өзіңіздің шағымыңызды, аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп, медициналық ұйымға кіреберісте орналасқан өтініштер мен шағымға арналған жәшікке қалдыра аласыз немесе медициналық ұйымның сайтына қалдыра аласыз.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ, Сіздің шағымыңызды күнтізбелік бес күннен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарау нэтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
ШЖҚ «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» ҚМК
Мекен жайымыз: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101
телефон: 8 (71841)40-0-48;
8 (71841)22-1-88;
Факс: 8 (71841)22-1-87;