контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Халық денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік.

Дата: 2016-11-25 08:51:23
2016 жылғы қарашаның 14 күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) еңгізу бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңесті аудан әкімі С.Батырғұжинов ашып, жүргізді. Ұлт Жоспраы «100 Нақты қадамның» «Барлығы үшін заманауи мемлекет» аталатын 80-ші қадамына сәйкес Елбасы Н.Ә. Назарбаев МӘМС еңгізуді белгілеп берді. МӘМС-тің негізгі принциптерімен таныстыру мақсатында ауданға денсаулық сақтай басқармасының басшысы Н.Қасымов және штаб мүшесі, «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Т.В. Соловьева бастаған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлік штаб мүшелері келді. Аудан әкімі алғашқы сөзді Н.Қ. Қасмысовқа берді. Ол сөзінде МӘМС еңгізудің мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты айтып өтті. Бағдарламаның басты мақсаты – елдің тұрақты әлейуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз еті үшін халық денсаулығын нығайту болып табылады. Нұрлан Қаукенұлы халық денсаулығын қорғау мәселесін шешу үшін жаңа талаптар мен ыңғайлар қоятынын жаһандық сын-қатерлерді санамалап өтті. Өз кезегінде Т.В. Соловьева МӘМС жүйесі еңгізілген кездегі жұмыс берушілердің міндеттері туралы айтты. Семинар-кеңестің қорытындысын шығарған Серік Барлыбайұлы ақпараттық топ мүшелеріне МӘМС жүйесін еңгізу мәселесін мазмұнды және тиянақты түрде түсіндіргені үшін алғыс айтты және еңгізілген жаңалық еліміздің денсалық сақтау жүйесін ары қарай дамытуға ықпал ететініне сенімін білдірді.    
ОТЧЕТ В УЗО ПО ОСМС