контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын

Дата: 2016-11-30 04:39:41
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын Ағымдағы жылы қарашаның 30 күні Ақтоғай орталық аудандық ауруханасында медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды құттықтау сөзімен Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері бастады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін тарихи тұлға болды және оның есімі мемлекеттің өмірімен тығыз байланысты, деп атап айтты. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығайуындағы Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі» тақырыбында аурухана психологі Макимова Г.Н. баяндама оқыды. Сондай-ақ медициналық қызметкерлерді емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Құрманғалиева Г.Ғ. құттықтады. Салтанатты жиын өнер мектебінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.   IMG-20161130-WA0013 IMG-20161130-WA0007 IMG-20161130-WA0002 IMG-20161130-WA0003