контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

ӨМІР сыйла – донор бол!

Дата: 2016-12-20 01:52:55
ӨМІР сыйла – донор бол! 2016 жылғы 7 желтоқсан күні Ақтоғай аудандық орталық ауруханасына Павлодар қаласының қан жинау орталығының мамандары келді. Ақтоғай ауданында 60 адам донорлық қан тапсырды. Донорларға донация күні 530 теңге және еңбек ақысының сақталуымен 1 күн демалыс берілді. Сондай-ақ қан тапсырушылар тегін медициналық тексерістен өтті. «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық- көмек көрсету мен адам өмірін сақтап қалудың символы. Қан тапсыру – бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемде қан беру. Дені сау адамның осы көлемде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты, қан жоғалту қаупі болмайды. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі донор болып қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Қан тапсырғанда қан айналу және иммундық жүйе жақсарып қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексеріп мұқтаж жандарға өзінің аз да болса қанын сыйлап, өзінің бір бөлшегін табыстағандай болады. Қазақстан Республикасының заңында ақылы донорлық қызметке рұқсат етілген. Өтеусіз донорлар - қауіпсіз қан және оның компоненттерінің көрсеткіші, өйткені ақылы донорлардың қанды тапсыру барысында материалдық пайда көру үшін денсаулығы жөнінде нақты ақпаратты жасыру жиі кездеседі. Осының салдарынан қанның қауіпсіздігі төмендейді. Бұдан басқа, өтеусіз донорлықты дамыту рухани жағынан да маңызды. Өйткені, ештеңе талап етпей-ақ, өзгеге көмектескен адам нағыз азамат атануға лайықты. Өтеусіз донорлықты дамыту –адам бойындағы қайғыға ортақтасу, тілеулестік, қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет. Жасы 18-ден асқан, донор болуға қарсы көрсеткіші жоқ, дені сау төлқұжаты бар Қазақстан азаматы донор бола алады. Қан алу шарасы - қан орталығында, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінде жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады, зертханада ВИЧ 1,2 инфекциясы, В және С гепатиттері маркерлеріне және мерезге сараптама жүргізеді. 2016 жылғы 11 ай аралығында Қан тапсырған Ақтоғай ауданының тұрғындарына алғысымды білдіреміз! Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін бергенімізбен бірдей!!!   20161207_103205 20161207_110528 20161207_113339