Медицина қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа Жылдық ертеңгілік
Дата: 2017-01-06 00:39:10

Жаңа жыл көңілге жаңа үміттер ұялатып, армандарға жетелейтін, әсіресе бүлдіршіндер тағатсыздана күтетін қуанышқа толы мереке. Осы мерейлі мереке қарсаңында 29 желтоқсан күні Ақтоғай аудананың мәдениет үйінде аудандық аурухана медицина қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Бас дәрігердің орынбасары Гүлбақыт Ғалымқызы Құрманғалиева бүлдіршіндерді Жаңа Жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Айналасына шырай беріп, әдемі безендірілген шыршаның маңына топтасқан балалардың ортасына келіп қосылған ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары шат-шадыман күйге бөледі. Бұдан соң балалар бір-бірінің қолдарын ұстап, шыршаны айналып ән салып, би биледі. Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды қошаметпен қарсы алған балғындар, олардың сауалдарына жарыса жауап берді. Мерекенің бас кейіпкері – тауық бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, тілектерін жеткізді Көңілді кеште Аяз атаның қолынан сыйлық алуға тырысқан бүлдіршіндер бар өнерлерін ортаға салды. Барлық балаларға кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар берілді. Осылайша қуаныштан жүздері балбұл жанған балаларды Жаңа жыл кеші ғажайып қиялдарға толы ертегі әлеміне жетеледі.