контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99

Медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Дата: 2016-06-15 07:25:44
Медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді 2016 жылғы 14 маусымда ауданд ық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзімен аудан әкімі Бәкір Саматұлы Демеуов қатысты, ол Успен ауданының денсаулық сақтау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап еңбек ісінде үлкен табыстарға жетуін тіледі. Сондай ақ, адал еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен онколог дәрігер – Нұржан Мұқтарұлы Нұртазинді, мадақтама қағазбен учаскелік мейірбике – Наталья Анатольевна Якушенконы марапаттады. Құттықтау сөзімен «Нұр Отан» Партиясы Аудандық Филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Александр Викторович Ви шығып сөйледі. Медицина қызметкері күнін мерекелеуіне байланысты және Успен ауданының денсаулық жүйесінде көп жылғы адал еңбек сіңіргені үшін Успен ауданы мәслихаты хатшысының мадақтама қағазымен келесі қызметкерлер марапатталды:
  1. Ольга Васильевна Гущина – Богатырь ауылының МП мейірбикесі, денсаулық сақтау жүйесінде 20 жылдан аса жұмыс істейді. Жұмыс кезеңі үшін өзін сауатты, атқарушы қызметкер болып көрсетті. Емдеушілер және әріптестер арасында абырой және сыймен пайдаланады. «Үздік мейірбике» ауданды конкурсына қатысты, онда 1 орынға ие болды.
  2. Надежда Васильевна Кононенко – Новопокров аулының МП мейірбикесі. Новопокров аулының МП 20 жыл қызмет етуде. Тәжірибелі, сауатты жұмыскер. Ауданның денсаулықты сақтауына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл мерейтойлы медалімен марапатталды.
Сондай ақ, құттықтау және тілек білдіру сөзімен Успен орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Манарбекқызы Разиева сөз алды, ол өз кезегінде медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жеңіл емес еңбекте жетістікті, шыдамды болу және тек қана жақсылық тілеп денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне мадақтама қағаздар мен сыйлықтарды табыс етті. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Валентина Николаевна Фергалюк денсаулық сақтаудың ардагерлерін медицина қызметкерлері Күнімен құттықтап сыйлықтар және гүлдермен табыс етті. Салтанатты тойда «Біздің жұмыс күндеріміз» слайдтар көрсетілді, онда еңбек қызметіміз, ұжымда өткізілетін іс-шаралар, спорт жұмысы туралы материалдар көрсетілді. Салтанатты жиналыстан соң Мәдениет үйі қызметкерлерімен дайындалған мерекелі концерт өтті. SAM_0707 SAM_0708 SAM_0721 SAM_0722 SAM_0723 SAM_0724 SAM_0745 SAM_0756