контакт: 8(71836)21545 shrcrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Гагарина қ., 49
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Халықаралық отбасы күні

Дата: 2014-05-26 08:57:31
Халықаралық отбасы күні

Халықаралық отбасы күні- 1994 жылдан бастап жыл сайын 15 – мамыр күні аталып өтіледі. Отбасы- бұл біздің өмір бойы қасымызда болатын ең жақын адамдар, түсіністік, ізгілік, махаббат атмосферасы, әрбір қоғам мүшесінің дамып, қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Абишевич Назарбаевтың 2014 жылғы 17- қаңтарындағы Жолдамасында әйелдерге арнаған сөзінде, «Сідер- отбасы тірегі, яғни, мемлекет –тірегі» деген сөздері бар. Социалдық сасаттың ең негіз – біздің жарқын болашағымыздың  үшін ана мен баланы қорғау болып табылады.

Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау басты приориттеттердің бірі болып табылады, бұл тек қана  әйелдер мен ерлердің  денсаулығы емес, әр бір отбасының, еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағының денсаулығы.

        Шарбақты орталық аудандық ауруханасында репродуктивті денсаулықтың актуальдігі мен маңыздылығын  есепке ала отырып, «Мен өз отбасымды жақсы көремін» деген тақырыпта, халықаралық отбасы күніне орай іс- шара жүргізілді. Шарбақты ОАА кіре берісі отбасын білдіретін шарлардан жасалған фигуралармен безендірілді. Мониторларда музыкамен әрленген отбасына арналған  слайдтар көрсетілді. Әр- түрлі іс- шарала жүргізілді:

1.     Ашық есік күні- гинеколог, терапевт, психолог, педиатр дәрігерлерінің консультативті кеңес өткізуі.

2.     Дөңгелек стол болашақ аналармен, онда акушер- гинеколог дәрігер репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау туралы  әңгіме өткізді.

3.    Акушер- гинеколог, акушерлер және психологтың қатысуымен босану бөлімшесінде және поликлиникада болашақ аналарға арнап «аяқауыр кездегі кейбір белгілер», «баланы құндақтау», «емшекпен емізу» сияқты сайыстар өткізілді, «дұрыс тамақтану», «жаңа туған нәрестені күту» тақырыптарына  лекциялар өткізілді. Одан кейін, әйелдер жиналып шай ішіп, өздерін мазалаған сұрақтарды талдады. Барлық әйелдерге естеліктер ұсынылды.

4.     Сау бала  кабинетінің мейірбикесі  жас ана мен әке мектебінде  жас балаларды тамақтандыру, күту, жүйке- психикалық жастық ерекшеліктері туралы   кеңестер өткізілді. 0-15 жастар аралығындағы  тұрақты скринингті  тексерулердің  маңызын түсіндірді.  Әр-бір балаға сыйлықтар, шарлар табыс етілді.

Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар тапсырылды «Бала күтімі» және т.б.

Бұл күні Шарбақты орталық аудандық ауруханаға келушілер барлық отбасылары үшін  керекті ақпараттар алды, жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты.

 

СӨС координатроры  Кисилишина С.Н.