контакт: 8(71836)21545 shrcrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Гагарина қ., 49
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

АЛКОГОЛЬДІҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

Дата: 2014-10-10 03:30:34
АЛКОГОЛЬДІҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

08.10.2014 жылы Шарбақты аграрлық- техникалық коледжінде «Сыра алкоголизмі, Әр түрлі шегуге арналған қоспалар мен марихуана» тақырыптарына лекция және тренинг өткізілді.

АЛКОГОЛЬДІҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

         Алкоголизм,  яғни ішімдікке салыну–бұл спиртті ішімдіктерді  көп ішкендіктен, спирттік ішімдіктерді үнемі ішуге тартатын және осыған байланысты  ағзада физикалық және психикалық ауытқуларды тудыратын созылмалы психикалық ауру.Алкоголизмнің алғашқы белгілері  ішімдікке тару, оны ішкен кезде мөлшерін білмеу, ішімдіктерді ішкен кезде көтере алмау  болып табылады. Бұл жәй ғана ішіп, демалу немесе көңіл көтеру  ретінде емес, мас болғанға дейін ішу. Спирт қосылған барлық сусындар әлсіз және күшті болып бөлінеді. Бірақ, бұл әлсіз алкогольді сусындар ағзаға әлсіз әсер етеді. Дегеді білдірмейді. Бұның бәрі ішілген алкогольдің мөлшеріне байланысты. 

Есте сақтаңыз!

         Сыра ішкеннен де алкоголизмге шалдығуға болады.

Есірткінің жеңіл түрі болмайды!!!

ШЕГУГЕ  АРНАЛҒАН ҚОСПАЛАР  (легалка, спайс, миксы)ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Шегуге арналған қоспалар- бұл  арнайы дайындалған табиғи  шикізат ( әр түрлі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, және  олардың шырындары белгілі бір  мөлшерде).

ШЕГУГЕ АРНАЛҒАН ҚОСПАЛАРДЫҢ ЗИЯНЫ НЕДЕ?

Түтінді жиі жұтқандықтан дауыстың отыруы, жөтел және өкпе, тамақ, жұтқыншақ, ауыз қуысының  қатерлі ісігінің пайда болуы жиілейді. Түтін көздің жасының ағуына себепші болады. Шегуге арналған қоспалар жүректің айнуы, құсу, қан қысымының көтерілі,  жүрек соғысын жылдамдату,  естен тану және де тағы да басқа  сияқы салдарға ұшыратады. Түтіннің құрамындағы заттар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, соның салдарынан себепсіз жылау, күлу, галлюцинация, депрессия, ызалануға әкеліп соғады. Шегуге арналған қоспалар үнемі шеккен адамды  психикалық мүгедектікке әкеліп соғуы әбден мүмкін. Шегуге арналған қоспаларға ағза өте тез үйренеді. Ең бірінші ретінде психикалық, одан кейін  физиолгиялық  тәуелділік пайда болады. СОНДЫҚТАН, ШЕГУГЕ АРНАЛҒАН ҚОСПАЛАРДЫ  ШЕГІП КӨРІП, психикалық тәуелділікке душарболуыңыз әбден мүмкін..

Ойланыңыздар, денсаулығыңызды құртып, өз ағзаңызды улап, оқу, достық, отбасылық қарым- қатынасты бүлдіру қандайда бір «ләззат алу» үшін тұра ма.