Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев

Құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу Оформление документации

Дата: 2010-09-12 18:00:00

Павлодар қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем стансасында таңертеңгілік жиналыс қазақ тілінде жүргізілді. Жиналыстың жоспары бойынша Г.П. Сукончик жиналысты қазақ тілінде бастады. Медициналық қызметкерлерге құжаттарды толтыру бойынша нұсқаулық туралы мағлұмат берді.Төтенше жағдай бойынша АҚ және ТҚ штаб бастығы

Т.С. Алтыбасаров Лебяжі ауданы,Майқарағай ауданындағы болған өрт туралы айтып, жедел жәрдем станса қызметкерлері қолданылып отырған іс-шаралар туралы айтып кетті.Ауысымдағы аға дәрігері А.М. Бекішева ауысымдағы тәулік жұмыстары туралы есеп берді.

Қазақ тілі оқытушысы В.С. Арыстанова тілдер айлығы туралы есеп беріп, өткізілетін іс-шаралар туралы таныстырды.